Хадис

Науқастың көңілін сұрап барудың артықшылығы

Кутуб ситтә, 10-том, 706-тарау · 3 хадис · № 4658–4660

Хадистер

4658
Кутуб ситтә, № 4658 · тараудағы реті: 1

فِيهِ حَدِيثُ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «مَا مِنْ رَجُلٍ يَعُودُ مَرِيضًا مُمْسِيًا إِلَّا خَرَجَ مَعَهُ سَبْعُونَ أَلْفِ مَلَكٍ، يَسْتَغْفِرُونَ لَهُ حَتَّى يُصْبِحَ، وَكَانَ لَهُ خَرِيفٌ فِي الْجَنَّةِ، وَمَنْ أَتَاهُ مُصْبِحًا، خَرَجَ مَعَهُ سَبْعُونَ أَلْفِ مَلَكٍ يَسْتَغْفِرُونَ لَهُ حَتَّى يُمْسِيَ، وَكَانَ لَهُ خَرِيفٌ فِي الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деді: «Кім кешке науқастың көңілін сұрап барса, онымен бірге шыққан жетпіс мың періште таң атқанша оған кешірім тілейді. Оған жәннатта да бір бақ бар. Кім таңертең науқастың көңілін сұрап барса, онымен бірге шыққан жетпіс мың періште кеш батқанша оған кешірім тілейді. Оған да жәннатта бір бақ бар».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Жанаиз 7, (3098, 3099, 3100).
4659
Кутуб ситтә, № 4659 · тараудағы реті: 2

وَحَدِيثُ أَنَسٍ: «مَنْ تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ وَعَادَ أَخَاهُ الْمُسْلِمَ مُحْتَسِبًا، بُوعِدَ مِنْ جَهَنَّمَ مَسِيرَةَ سَبْعِينَ خَرِيفًا». قَالَ ثَابِتٌ: قُلْتُ: وَمَا الْخَرِيفُ يَا أَبَا حَمْزَةَ؟ قَالَ أَنَسٌ: الْعَامُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Кім дәретін жақсылап алып, сауап үмітімен науқас мұсылман бауырының көңілін сұрап барса, жаһаннамнан жетпіс жылдық жолға алыстатылады», – деді.

Сәбит былай дейді: «Әнәстан: “Уа, Әбу Хамза, хариф деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Жыл”, – деп жауап берді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Жанаиз 7 (3097).
4660
Кутуб ситтә, № 4660 · тараудағы реті: 3

وَحَدِيثُ أَبِي هُرَيْرَةَ: «مَنْ عَادَ مَرِيضًا أَوْ زَارَ أَخًا لَهُ فِي اللَّهِ، نَادَاهُ مُنَادٍ: أَنْ طِبْتَ، وَطَابَ مَمْشَاكَ، وَتَبَوَّأْتَ مِنَ الْجَنَّةِ مَنْزِلًا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Кім науқастың көңілін сұрап барса немесе Алла разылығы үшін бауырына барса, бір үндеуші оған: “Өзің де игілікке кенелдің, жүріп өткен жолың да қайырлы болды. Жәннаттан өзіңе қоныс алдың”, – деп дауыстайды», – деді.1

  1. 1Тирмизи, Бирр 64 (2009); Ибн Мәжа, Жанаиз 2 (1443).