Хадис

Кутуб ситтә, № 4659

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
706. Науқастың көңілін сұрап барудың артықшылығы
Нөмірі
№ 4659 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4659
Кутуб ситтә, № 4659 · тараудағы реті: 2

وَحَدِيثُ أَنَسٍ: «مَنْ تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ وَعَادَ أَخَاهُ الْمُسْلِمَ مُحْتَسِبًا، بُوعِدَ مِنْ جَهَنَّمَ مَسِيرَةَ سَبْعِينَ خَرِيفًا». قَالَ ثَابِتٌ: قُلْتُ: وَمَا الْخَرِيفُ يَا أَبَا حَمْزَةَ؟ قَالَ أَنَسٌ: الْعَامُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Кім дәретін жақсылап алып, сауап үмітімен науқас мұсылман бауырының көңілін сұрап барса, жаһаннамнан жетпіс жылдық жолға алыстатылады», – деді.

Сәбит былай дейді: «Әнәстан: “Уа, Әбу Хамза, хариф деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Жыл”, – деп жауап берді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Жанаиз 7 (3097).