عَنْ مُعَاذِ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ فَأَصْبَحْتُ يَوْمًا قَرِيبًا مِنْهُ وَنَحْنُ نَسِيرُ. فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَخْبِرْنِي بِعَمَلٍ يُدْخِلُنِي الْجَنَّةَ وَيُبَاعِدُنِي مِنَ النَّارِ. فَقَالَ: لَقَدْ سَأَلْتَ عَنْ عَظِيمٍ، وَإِنَّهُ لَيَسِيرٌ عَلَى مَنْ يَسَّرَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ. تَعْبُدُ اللَّهَ لَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ، وَتُؤْتِي الزَّكَاةَ، وَتَصُومُ رَمَضَانَ، وَتَحُجُّ الْبَيْتَ. ثُمَّ قَالَ: أَلَا أَدُلُّكَ عَلَى أَبْوَابِ الْخَيْرِ؟ قُلْتُ: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: الصَّوْمُ جُنَّةٌ، وَالصَّدَقَةُ تُطْفِئُ الْخَطِيئَةَ كَمَا يُطْفِئُ الْمَاءُ النَّارَ، وَصَلَاةُ الرَّجُلِ مِنْ جَوْفِ اللَّيْلِ شِعَارُ الصَّالِحِينَ. ثُمَّ تَلَا قَوْلَهُ تَعَالَى: { تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ }. إِلَى قَوْلِهِ { جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ }. ثُمَّ قَالَ: أَلَا أُخْبِرُكَ بِرَأْسِ الْأَمْرِ وَعَمُودِهِ، وَذِرْوَةِ سَنَامِهِ؟ قُلْتُ: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: رَأْسُ الْأَمْرِ الْإِسْلَامُ، وَعَمُودُهُ الصَّلَاةُ، وَذِرْوَةُ سَنَامِهِ الْجِهَادُ. ثُمَّ قَالَ: أَلَا أُخْبِرُكَ بِمِلَاكِ ذَلِكَ كُلِّهِ؟ قُلْتُ: بَلَى. قَالَ: كُفَّ عَلَيْكَ هَذَا، وَأَشَارَ إِلَى لِسَانِهِ. قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَإِنَّا لَمُؤَاخَذُونَ بِمَا نَتَكَلَّمُ بِهِ؟ فَقَالَ: ثَكِلَتْكَ أُمُّكَ يَا مُعَاذُ، وَهَلْ يَكُبُّ النَّاسَ فِي النَّارِ عَلَى وُجُوهِهِمْ، أَوْ قَالَ عَلَى مَنَاخِرِهِمْ إِلَّا حَصَائِدُ أَلْسِنَتِهِمْ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда едік. Бір күні таңертең жол үстінде оған жақындап:
– Уа, Алла елшісі, мені жәннатқа кіргізіп, тозақтан алыстататын амалды айтыңызшы, – дедім. Ол:
– Сен зор істі сұрадың. Алла оны кімге жеңілдетсе, сол адамға ол оңай. Аллаға құлшылық ет, Оған еш нәрсені серік қоспа. Намазыңды оқы, зекет бер, Рамазан оразасын тұт және Алланың үйіне қажылық жаса, – деді. Содан соң:
– Саған жақсылықтың есіктерін көрсетейін бе? – деп сұрады.
– Иә, уа, Алла елшісі, – дедім. Ол: «Ораза – қалқан. Садақа судың отты өшіргеніндей күнәні өшіреді. Түн ортасында оқылған намаз – ізгілердің белгісі», – деді де, «Сәжде» сүресінің 16–17-аяттарын оқыды. ﴿تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمْ عَنِ ٱلْمَضَاجِعِ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ خَوْفًا وَطَمَعًا وَمِمَّا رَزَقْنَٰهُمْ يُنفِقُونَ فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَّآ أُخْفِىَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَآءًۢ بِمَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ﴾ «Олар түн ішінде төсектерін тәрк етіп, қаһарынан қорыққан һәм шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалбарынып дұға етеді. Әрі өздеріне Біз берген ризық-несібенің бір бөлігін ізгілік жолында жұмсайды.1 Дүниеде істеген игі істерінің қарымы ретінде оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді». Содан кейін:
– Саған бұл істің басын, тірегін және ең биік шыңын айтайын ба? – деді.
– Иә, уа, Алла елшісі, айтыңыз, – дедім.
– Істің басы – Ислам, тірегі – намаз, ең биік шыңы – жиһад, – деді. Сосын:
– Осының бәрін ұстап тұратын нәрсені айтайын ба? – деді.
– Иә, уа, Алла елшісі, – дедім. Ол тілін көрсетіп: “Мынаны тый”, – деді. Сонда мен:
– Уа, Алла елшісі, айтқан сөздеріміз үшін де жауапқа тартыламыз ба? – деп сұрадым. Ол:
– Әй, Мұғаз, анаң сенен айырылып қалғыр! Адамдарды тозаққа жүздерімен, яки тұмсықтарымен құлататын тілдерінің салған лаңы емес пе?! – деді».2