Хадис

Кутуб ситтә, № 4677

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
707. Артықшылығы әртүрлі хадистерде айтылған амалдар мен сөздер
Нөмірі
№ 4677 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 17
4677
Кутуб ситтә, № 4677 · тараудағы реті: 17Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ثَلَاثَةٌ حَقٌّ عَلَى اللَّهِ عَوْنُهُمْ: الْمُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَالْمُكَاتَبُ الَّذِي يُرِيدُ الْأَدَاءَ، وَالنَّاكِحُ الَّذِي يُرِيدُ الْعَفَافَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Үш адамға жәрдем етуді Алла Өз міндетіне алған: Алла жолында жиһад еткен кісі, азаттығы үшін келісілген өтемін төлегісі келген мұкатаб және арын сақтағысы келіп үйленген кісі», – деді.1

  1. 1Тирмизи, Фазаилул-Жиһад 20 (1655); Нәсәи, Никах 5, (6, 61).