Хадис

Кутуб ситтә, № 4689

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
707. Артықшылығы әртүрлі хадистерде айтылған амалдар мен сөздер
Нөмірі
№ 4689 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 29
4689
Кутуб ситтә, № 4689 · тараудағы реті: 29Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

وَعَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قِيلَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: الرَّجُلُ يَعْمَلُ الْخَيْرَ وَيَحْمَدُهُ النَّاسُ عَلَيْهِ. فَقَالَ: تِلْكَ عَاجِلُ بُشْرَى الْمُؤْمِنِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Уа, Алла елшісі! Бір адам жақсылық жасап, жұрт оны сол үшін мақтаса, бұл қалай болады?” – деп сұралды. Ол: “Бұл – мүміннің осы дүниеде алған сүйіншісі”, – деді».1

Түсіндірме

Нәуәуидің айтуынша, адам өзі себепші болмай, жұрт оны сыртынан мақтаса, бұл – Алланың разылығының белгісі. Мақтау естуді өзі қалаған адамның жайы бұл сүйіншіге жатпайды.

  1. 1Мүслим, Бирр 166 (2642).