Хадис

Кутуб ситтә, № 4716

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
712. Мирас үлестері мен мұрагерлер. Ата мен әже
Нөмірі
№ 4716 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
4716
Кутуб ситтә, № 4716 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

وَعَنْ بُرَيْدَةٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَعَلَ النَّبِيُّ ﷺ: لِلْجَدَّةِ السُّدُسَ إِذَا لَمْ يَكُنْ دُونَهَا أُمٌّ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) марқұмның анасы болмаса, әжесіне мирастың алтыдан бірін берді».1

Түсіндірме

Марқұмның анасы тірі болмаса, әжесіне мирастың алтыдан бірі тиеді. Бұл үкім әке жағындағы әжеге де, нағашы әжеге де қатысты.

  1. 1Әбу Дәуіт, Фараиз 5 (2895).