عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّكُمْ تَقْرَءُونَ هَذِهِ الْآيَةَ: مِنْ بَعْدِ وَصِيَّةٍ تُوصُونَ بِهَا أَوْ دَيْنٍ، وَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَضَى بِالدَّيْنِ قَبْلَ الْوَصِيَّةِ، وَإِنَّ أَعْيَانَ بَنِي الْأُمِّ يَتَوَارَثُونَ دُونَ بَنِي الْعَلَّاتِ. الرَّجُلُ يَرِثُ أَخَاهُ لِأَبِيهِ وَأُمِّهِ دُونَ أَخِيهِ لِأَبِيهِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Әли (р.а.) былай деген: «Сендер мына аятты оқисыңдар: ﴿مِّنۢ بَعْدِ وَصِيَّةٍ تُوصُونَ بِهَآ أَوْ دَيْنٍ﴾ “Бұл бөліс те айтқан өсиеттерің орындалып, қарыздарың толық өтелгеннен кейін жүзеге асады”1. Алла елшісі (с.а.с.) әуелі қарызды өтеуге, содан кейін өсиетті орындауға үкім еткен. Әкесі де, шешесі де бір бауырлар әкесі бір, шешелері бөлек бауырлардан бұрын бір-біріне мұрагер болады. Адамға әкесі бір бауырының алдында әкесі де, шешесі де бір бауыры мұрагер болады».2
Түсіндірме
1. Әли (р.а.) аятта өсиет қарыздан бұрын аталғанына назар аудартқан. Алла елшісінің үкімі бойынша, әуелі қарыз өтеледі, содан кейін өсиет орындалады.
2. Әли (р.а.) мирас мәселесінде әкесі де, шешесі де бір бауырларды әкелері бір, шешелері бөлек бауырлардан ілгері қойған.