Хадис

Кутуб ситтә, № 4725

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
717. Ғиддат мерзіміндегі әйел
Нөмірі
№ 4725 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4725
Кутуб ситтә, № 4725 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ هُرْمُزِ الْأَعْرَجِ: أَنَّ عُثْمَانَ بْنِ عَفَّانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَرَّثَ نِسَاءَ ابْنِ مُكَمِّلٍ مِنْهُ، وَكَانَ طَلَّقَهُنَّ وَهُوَ مَرِيضٌ. أَخْرَجَهُ مَالِكُ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Хурмуз әл-Ағраж былай деген: «Осман ибн Аффан (р.а.) Ибн Мүкәммилдің әйелдерін оның мұрагері деп таныды. Ибн Мүкәммил оларды науқастанып жатқанда талақ еткен еді».1

Түсіндірме

Ибн Мүкәммилдің есімі – Абдулла. Дереккөздерде оның үш әйелі болғаны айтылған. Абдурраззақтың жеткізуінше, ауыр науқас кезінде әйелдерінің бәрін талақ еткен Ибн Мүкәммил екі жылдан соң дүние салған. Әйелдерінің ғиддат мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан, Осман оларды күйеуінің мұрагері деп таныған. Себебі ол әйелдерін науқас кезінде талақ еткен еді. Османның (р.а.) бұл үкіміне ешкім қарсы пікір білдірмеген.

  1. 1Муатта, Талақ 41, (2, 572).