Хадис

Кутуб ситтә, № 714

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
73. «Мүминун» сүресі
Нөмірі
№ 714 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
714
Кутуб ситтә, № 714 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا قَالَتْ: سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ هَذِهِ الْآيَةِ: ﴿وَالَّذِينَ يُؤْتُونَ مَا آتَوْا وَقُلُوبُهُمْ وَجِلَةٌ﴾، قُلْتُ: «أَهُمُ الَّذِينَ يَشْرَبُونَ الْخَمْرَ وَيَسْرِقُونَ؟» قَالَ: «لَا، يَا بِنْتَ الصِّدِّيقِ، وَلَكِنَّهُمُ الَّذِينَ يَصُومُونَ وَيُصَلُّونَ وَيَتَصَدَّقُونَ، وَهُمْ يَخَافُونَ أَنْ لَا يُقْبَلَ مِنْهُمْ. ﴿أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَهُمْ لَهَا سَابِقُونَ﴾». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Уа, Алланың елшісі! ‘Әрі Алла жолында зекет-садақа бергенде және басқа да игі істер істегенде, өздерінің Раббыларына қайтар жолда екенін шын сезініп, жүректері дүрсіл қағатындар’ деген аятта айтылғандар шарап ішіп, ұрлық жасайтындар ма?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ, Сыддықтың қызы! Олар – ораза ұстап, намаз оқып, садақа беретін әрі осы амалдары қабыл болмай қала ма деп қорқатын жандар. ‘Міне, осынау ізгі жандар жақсылық жасауға асығады һәм игі істерде өзгелерден оқ бойы озық болады.’1”, – деп жауап берді»2.

  1. 1«Мүмінун» сүресі, 60 және 61-аяттар (үзінділер).
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Мүмінун» (3175, кей басылымда 3174).