عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: رَأْسُ الْكُفْرِ نَحْوُ الْمَشْرِقِ، وَالْفَخْرُ وَالْخُيَلَاءُ فِي أَهْلِ الْخَيْلِ وَالْإِبِلِ وَالْفَدَّادِينَ: أَهْلِ الْوَبَرِ، وَالسَّكِينَةُ فِي أَهْلِ الْغَنَمِ. أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ.
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Күпірліктің басы шығыста. Мақтаншақтық пен менмендік жылқы, түйе баққан, шатыр тігіп көшіп-қонған жұртта болады. Ал қой баққан жұртқа байсалдылық тән”».1
- 1Бұхари, «Бәд әл-халқ», 15 (3301). Мүслим, «Иман» (52d). Мәлик, «Муатта», «Истиғзан», 15 (2-том, 920-бет).