وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَىٰ: ﴿وَقُلْ لِلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ﴾ الْآيَةَ، قَالَ: «فَنُسِخَ وَاسْتُثْنِيَ مِنْ ذَلِكَ: ﴿وَالْقَوَاعِدُ مِنَ النِّسَاءِ اللَّاتِي لَا يَرْجُونَ نِكَاحًا﴾ الْآيَةَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Ибн Аббас (р.а.) «Мүмін әйелдерге де айт: “Харамға көз салмасын! Әурет жерлерін жапсын әрі зинадан сақтансын!”» деп басталатын аяттың орануға қатысты үкімінен кейінгі аятта мынадай ерекшелік берілгенін айтты: «Перзент сүйетін жастан өткен және күйеуге шығуға үміттенбейтін қарт әйелдер әшекейлері мен сымбат-көріктері көзге ұратындай ашық-шашық жүрместен, сырт киімдерін шешіп, жеңіл-желпі киіммен жүрсе, оның айыбы жоқ. Ал егер олай жүруден де сақтанып, қымтанып жүрсе, өздері үшін қайырлы болмақ».1 2
Түсіндірме
«Қарт әйелдер» деп етеккірі тоқтап, бала туатын жастан асқан әйелдер айтылған. Алғашқы аяттың үкімі жасына қарамастан барлық әйелге қатысты еді. Кейінгі аят жасы ұлғайған әйелдерге киімге қатысты жеңілдік берді. Автор бұдан олардың көзін тайдыру міндеті де жеңілдейтінін тұжырымдаған.