وَعَنْ يَحْيَى بْنِ سَعِيدٍ قَالَ: كَتَبَ أَبُو الدَّرْدَاءِ إِلَى سَلْمَانَ الْفَارِسِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنْ هَلُمَّ إِلَى الْأَرْضِ الْمُقَدَّسَةِ. فَكَتَبَ إِلَيْهِ سَلْمَانُ: إِنَّ الْأَرْضَ لَا تُقَدِّسُ أَحَدًا إِنَّمَا يُقَدَّسُ الْإِنْسَانَ عَمَلُهُ، وَقَدْ بَلَغَنِي أَنَّكَ جُعِلْتَ طَبِيبًا تُدَاوِي. فَإِنْ كُنْتَ تُبْرِئُ فَنِعِمَّا لَكَ، وَإِنْ كُنْتَ مُتَطَبِّبًا فَاحْذَرْ أَنْ تَقْتُلَ إِنْسَانًا فَتَدْخُلَ النَّارَ. فَكَانَ أَبُو الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِذَا قَضَى بَيْنَ اثْنَيْنِ ثُمَّ أَدْبَرَا عَنْهُ نَظَرَ إِلَيْهِمَا وَقَالَ: مُتَطَبِّبٌ وَاللَّهِ ارْجِعَا إِلَيَّ فَأَعِيدَا عَلَيَّ قِصَّتَكُمَا. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.
Яхия ибн Сағид айтады: «Әбуд-Дәрда Салман әл-Фарсиге (р.а.): “Қасиетті жерге кел!” – деп хат жазды. Салман оған былай деп жауап қайтарды: “Жер ешкімді қасиетті етпейді. Адамды қасиетті ететін – оның амалы. Естуімше, сен ол жақта дәрігер болып, науқастарды емдеп жүр екенсің. Емдей алсаң, қандай бақыттысың! Ал дәрігер болмай тұрып емдеуге кіріссең, адам өлтіріп, тозақтық болып қалудан сақтан!”»
Әбуд-Дәрда (р.а.) екі кісінің арасында үкім беріп, олар кетіп бара жатқанда, арттарынан қарап: «Алланың атымен ант етемін, дәрігер болмай емдеуге кіріскен екенмін. Қайта келіңдер, оқиғаларыңды басынан айтып беріңдер», – дейтін.1
Түсіндірме
1. Зурқани бұл риуаяттағы «дәрігер» сөзін «қазы» деп түсіндірген. Салманның сөзі «Естуімше, ол жақта қазы болып тағайындалыпсың» деген мағынада. Зурқани Әбуд-Дәрданың Шамға қазы болып жіберіліп, сол жерде бұл міндетті алғаш атқарғанын айтады. Оны дәрігер деп атау жанның дертіне дауа іздеуіне байланысты.
2. «Мутатаббиб» – дәрігер болмаса да емдеуге кірісетін адам. Бұл жерде қазылыққа білігі жетпеген адамды меңзейді. Риуаяттың соңында Әбуд-Дәрда екі даугердің арасында үкім бергеннен кейін істі анығырақ білу үшін оларды кері шақырып, оқиғаны басынан айтып беруін сұрайды. Осы тұс «дәрігер» сөзінің қазы мағынасында қолданылғанын көрсетеді.
- 1Мәлик, «Муатта», «Уасият», 7 (2/769, № 1461).