Хадис

Кутуб ситтә, № 728

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
77. Пайғамбар және өлең
Нөмірі
№ 728 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
728
Кутуб ситтә, № 728 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَخْرُجُ الدَّابَّةُ وَمَعَهَا عَصَى مُوسَى وَخَاتَمُ سُلَيْمَانَ فَتَجْلُو وَجْهَ الْمُؤْمِنِ بِالْعَصَى وَتَخْطِمُ أَنْفَ الْكَافِرِ بِالْخَاتَمِ حَتَّى أَنَّ أَهْلَ الْخِوَانِ لَيَجْتَمِعُونَ فَيَقُولُ هَذَا يَا مُؤْمِنُ، وَيَقُولُ هَذَا يَا كَافِرُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Даббат әл-ард Мұсаның асасы мен Сүлейманның жүзігін алып шығады. Асамен мүміннің жүзін жарқыратып, жүзікпен кәпірдің мұрнына таңба салады. Тіпті бір дастархан басына жиналғандардың бірі екіншісіне “Уа, мүмін!” десе, оған “Уа, кәпір!” деп жауап береді».1

Түсіндірме

Тирмизи бұл хадисті даббат әл-ард туралы وَاِذا وَقَعَ الْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَابَّةً ﴿وَإِذَا وَقَعَ ٱلْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَآبَّةً مِّنَ ٱلْأَرْضِ تُكَلِّمُهُمْ أَنَّ ٱلنَّاسَ كَانُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا لَا يُوقِنُونَ﴾ «Оларға берілген сөз орнауға шақ қалғанда, оларға жерден бір мақұлық шығарамыз. Сөйтіп, әлгі мақұлық оларға тіл қатып, адамдардың аяттарымызға лайықты түрде иланбайтындықтарын айтады»2 деген аятты түсіндіру үшін келтірген. Хадистерде бұл мақұлық қияметтің белгілерінің бірі ретінде аталады. Аятта жазылған إِذَا وَقَعَ عَلَيْهِمُ القَوْلُ «Берілген сөз іске асуға шақ қалғанда» сөздеріне қатысты «оларға берілген азап іске асатын кезде», «Алла оларға ашуланған кезде», «оларға дәлел, белгі керек болған кезде» деген секілді түрлі жорамалдар жасалған. Қай жорамал болмасын, олардың әмр бил-мағруф нәһи анил-мункәрді, яғни жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюды тәрк етудің салдарынан туындағаны айтылған.

Кейбір тәпсіршілер аяттағы «қаул» сөзін қияметтің белгіленген уақыты деп түсіндірген. Бұл түсінік бойынша айтылған сөздің іске асуы – қияметтің таяп, белгілерінің көріне бастауы.

Даббат әл-ардтың сипаты жөнінде түрлі пікір айтылған. «Дабба» сөзі «жер бетінде жүретін жаратылыс» дегенді білдіреді және жануарларға жалпы қолданылады.

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Нәміл» (№3186 және №3187).
  2. 2«Нәміл» сүресі, 82-аят.