Хадис

Кутуб ситтә, № 4975

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
778. ХАЙУАН, ҚҰДЫҚ НЕМЕСЕ КЕН ОПЫРЫҒЫ СЕБЕБІНЕН ҚАЗА ТАБУ
Нөмірі
№ 4975 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4975
Кутуб ситтә, № 4975 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: عَضَّ رَجُلٌ يَدَ رَجُلٍ فَنَزَعَهَا مِنْ فِيهِ، فَوَقَعَتْ ثَنِيَّتَاهُ. فَاخْتَصَمَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فَقَالَ: يَعَضُّ أَحَدُكُمْ يَدَ أَخِيهِ كَمَا يَعَضُّ الْفَحْلُ؟ لَا دِيَةَ لَكَ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ. وَزَادَ التِّرْمِذِيُّ: «فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿وَالْجُرُوحَ قِصَاصٌ﴾». وَزَادَ مُسْلِمٌ فِي أُخْرَى: «فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَا تَأْمُرُنِي؟ تَأْمُرُنِي أَنْ آمُرُهُ أَنْ يَدَعَ يَدَهُ فِي فِيكَ تَقْضَمُهَا كَمَا يَقْضِمُ الْفَحْلُ؟ ادْفَعْ يَدَكَ حَتَّى يَعَضَّهَا ثُمَّ انْتَزِعْهَا».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хұсайн (р.а.) былай дейді: «Бір кісі басқа біреудің қолын тістеп алды. Қолы тістелген адам қолын оның аузынан жұлып алғанда, тістеген кісінің екі тісі түсіп қалды. Екеуі дауды шешу үшін Алла елшісіне (с.а.с.) барды.

Алла елшісі: “Бірің екіншіңнің қолын бурадай тістемек болдың ба? Бұл үшін саған құн төленбейді”, – деді1».

Тирмизи мына сөзді қосқан: «Сонда Алла тағала ﴿وَالْجُرُوحَ قِصَاصٌ﴾ “және сол сияқты жарақаттаудың барлық түрінде осылай бірге-бір қысас жасалады” (“Мәида” сүресі, 45-аят) деген аятты түсірді». Мүслимнің басқа нұсқасында Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзі берілген: «Менен не күтесің? Оған қолын аузыңа сал деп айтайын ба? Сонда сен оны бұқадай тістемекпісің? Қолыңды бер, ол тістесін, содан кейін қолыңды суырып ал».

Түсіндірме

Хадистегі «сәнийя» сөзі алдыңғы тісті білдіреді.

Имам Ағзам мен Имам Шафиғи бастаған фақиһтар осы хадиске сүйеніп, қолы тістелген кісі қолын тартып алған кезде тістеген адамның тісі түсіп қалса, құн төленбейді деп үкім берген. Имам Мәлик құн төленеді деген пікірде. Оның үкімі қолын асықпай суырып алуға мүмкіндігі бола тұра, жұлып алып, әлгі кісінің тісін түсірген жағдайға қатысты деп түсіндірілген.

  1. 1Бұхари, «Дият», 18. Мүслим, «Қасама», 19 (№ 1673). Тирмизи, «Дият», 20 (№ 1416). Нәсәи, «Қасама», 17 (8-том, 28–29-б.).