عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ غُلَامًا لِأُنَاسٍ فُقَرَاءَ قَطَعَ أُذُنَ غُلَامٍ لِأُنَاسٍ أَغْنِيَاءَ فَأَتَى أَهْلُهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا أُنَاسٌ فُقَرَاءُ. فَلَمْ يَجْعَلْ عَلَيْهِ شَيْئًا. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.
Имран ибн Хұсайн (р.а.) былай дейді: «Кедей отбасының бір баласы ауқатты отбасының бір баласының құлағын жұлып алды. Кінәлі баланың үй-іші Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алла елшісі! Біз кедей жандармыз”, – деді. Алла елшісі оларға ешқандай жаза жүктемеді»1.
Түсіндірме
Хадистегі «ғұлам» сөзі құлды да, ер баланы да білдіреді. Хаттаби оқиғаға себеп болған баланы азат деп есептеген. Ол былай түсіндіреді: «Бала азат, ісі де абайсызда болған, ақиласы да кедей еді. Мұндайда ақиладағы дәулетті адамдар жәрдемдеседі, кедейге төлем міндеттелмейді. Егер бала құл болса, үй-ішінің кедейлігін айтып ақталуының мәні болмас еді. Өйткені ақила қасақана істелген не кінәлі өзі мойындаған қылмыстың құнын да, құл істеген қылмыстың құнын да өтемейді. Ғалымдардың көпшілігі осы пікірде. Құл бала басқа құлға не азат адамға зиян келтірсе, ғалымдардың көбі жауапкершілік оның өзіне жүктеледі деп есептейді».
- 1Әбу Дәуіт, «Дият», 27 (№ 4590). Нәсәи, «Қасама», 14 (8-том, 26-б.).