Хадис

Кутуб ситтә, № 4996

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
789. Кифлдің қиссасы
Нөмірі
№ 4996 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4996
Кутуб ситтә, № 4996 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: كَانَ فِيمَنْ كَانَ قَبْلُكُمْ رَجُلٌ يُسَمَّى الْكِفْلَ، وَكَانَ لَا يَنْزِعُ عَنْ شَيْءٍ فَأَتَى امْرَأَةً عَلِمَ بِهَا حَاجَةً فَأَعْطَاهَا سِتِّينَ دِينَارًا. فَلَمَّا أَرَادَهَا عَلَى نَفْسِهَا ارْتَعَدَتْ وَبَكَتْ. فَقَالَ: مَا يُبْكِيكِ؟ أَأَكْرَهْتُكِ؟ قَالَتْ: لَا، وَلَكِنَّ هَذَا عَمَلٌ مَا عَمِلْتُهُ قَطُّ وَمَا حَمَلَنِي عَلَيْهِ إِلَّا الْحَاجَةُ. فَقَالَ: أَتَفْعَلِينَ أَنْتِ هَذَا مِنْ مَخَافَةِ اللَّهِ تَعَالَى؟ فَأَنَا أَحْرَى بِذَلِكِ. فَاذْهَبِي، وَلَكِ مَا أَعْطَيْتُكِ. وَوَاللَّهِ لَا أَعْصِيهِ بَعْدَهَا أَبَدًا. فَمَاتَ مِنْ لَيْلَتِهِ. فَأَصْبَحَ مَكْتُوبًا عَلَى بَابِهِ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَدْ غَفَرَ لِلْكِفْلِ. فَعَجِبَ النَّاسُ مِنْ ذَلِكَ حَتَّى أَوْحَى اللَّهُ إِلَى نَبِيِّ زَمَانِهِمْ بِشَأْنِهِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Сендерден бұрын Кифл деген бір кісі болыпты. Күнәдан тартынбайтын жан екен. Бірде мұқтаждықта жүрген әйелге алпыс динар берді. Онымен жақындасқалы жатқанда, әйел қалшылдап, жылай бастады. Кифл: ‘Неге жыладың? Мен сені мәжбүрледім бе?’ – деп сұрады. Әйел: ‘Жоқ. Бұрын мұндай күнә жасап көрген емеспін. Бұған жоқшылық мәжбүр етті’, – деді. Кифл: ‘Алладан қорыққаныңнан жылап отырсың ба? Олай болса, Алладан қорқуға менің жөнім көбірек. Бара ғой, берген ақшам да өзіңде қалсын. Уаллаһи, бұдан былай Аллаға қарсы келмеймін!’ – деді. Кифл сол түні қайтыс болды. Таңертең есігіне: ‘Алла Кифлді кешірді!’ – деп жазылып тұрды.

Жұрт бұл іске таңғалды. Алла сол дәуірдің пайғамбарына Кифл туралы уахи еткенше, олардың таңданысы басылмады”»1.

  1. 1Тирмизи, Қиямет 49 (2498, басқа нөмірлеуде 2496).