Хадис

Кутуб ситтә, № 732

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
80. «Анкәбут» сүресі
Нөмірі
№ 732 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
732
Кутуб ситтә, № 732 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Үммі Һани (р.а.)

عَنْ أُمِّ هَانِئٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْمُنْكَرِ الَّذِي كَانُوا يَأْتُونَهُ فِي نَادِيهِمْ فَقَالَ: كَانُوا يَحْبِقُونَ فِيهِ وَالْخَذْفُ وَالسُّخْرِيَةُ بِمَنْ مَرَّ بِهِمْ مِنْ أَهْلِ الْأَرْضِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Үммі Һани (р.а.) былай дейді: «Сендер (өздеріңе иләһи жолдау келіп, қатаң ескерту жасалғаннан кейін де әйелдерді былай қалдырып), нәпсіқұмарлықпен еркектерге баруды, жол торып қарақшылық жасауды һәм өзара бас қосқан жиындарыңда ашықтан-ашық арсыздыққа баруды жалғастыра бермексіңдер ме?» – деді»1 деген аяттағы жиындарда істеген арсыздықтары не екенін Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрадым. Маған былай жауап берді: «Олар сол жерде дауыстап жел шығарып, өтіп бара жатқан адамдарға ұсақ тас атып, мазақтайтын».2

Түсіндірме

Жоғарыдағы аят Лут қауымы жайлы. Тақырыпты түсіну үшін алдыңғы аяттың аудармасына да қарау керек. Ол аяттың аудармасы: «Лутты да (өз еліне пайғамбар етіп) жібердік. Ол қауымына: «Шүбәсіз, сендер жер әлемде өздеріңнен бұрын жан баласы істемеген арсыздықты істеудесіңдер»3. Одан кейінгі аят олардың жасаған арсыздықтарынан бірнеше мысал береді. Үммі Һани (р.а.) Лут қауымының «жиындарында» жасаған арсыздықтар не екенін сұрауда. Аудармаға қараған кезде оның ашық айтылмағанын аңғаруға болады.

Ғалымдар аятта «мункәр» деп аталған ұятсыз істерге түрлі мысал келтірген:

– Жолаушыларға тас атып, бейкүнә адамдарды үркітетін.

– Жиындарында жұрт көзінше еркектер бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсетін.

– Кептермен ойнайтын.

– Қораз бен қошқар төбелестіретін.

– Бір-біріне түкіретін, нарды мен шахмат ойнайтын, боялған киім киетін.

– Сағыз шайнау, саусақтарын қыналау, беліндегі орамасын шешу және ысқыру дағдылы әдеттері болған.

Олардың аталған істердің бәрін жасауы мүмкін. Үммі Һаниден (р.а.) жеткен риуаят осы түсіндірмелердің бірнешеуін қуаттайды.

Осы аятта Құран кәрімнің мұғжизалығына қатысты ерекше мысалды көріп отырмыз. Лут қауымы жиындарда ұнамсыз істер жасайтын деп ишарат жасап, бүге-шігесіне тоқталмаған. Ғалымдар «ұнамсыз істердің» ішінде «сағыз шайнау» секілді үлкен кісінің беделін түсіретін ең қарапайым істен бастап, сол қауымның басты сипаты болған гомосексуализмге дейінгі ең ұнамсыздарынан кейбіреулерін айтып өткен. Ойға оралатын басқа ұнамсыз істерді де айтып өту аяттың мазмұнына сай келеді.

  1. 1«Анкәбут» сүресі, 29-аят.
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Анкәбут» (№3190).
  3. 3«Анкәбут» сүресі, 28-аят.