وَعَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: دَخَلْتُ الْمَسْجِدَ حِينَ غَابَتِ الشَّمْسُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا أَبَا ذَرٍّ، هَلْ تَدْرِي أَيْنَ تَذْهَبُ هَذِهِ؟ قُلْتُ: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. قَالَ: إِنَّهَا تَذْهَبُ حَتَّى تَسْتَأْذِنَ رَبَّهَا فِي السُّجُودِ، فَيُؤْذَنُ لَهَا وَكَأَنَّهَا قَدْ قِيلَ لَهَا: اطْلُعِي مِنْ حَيْثُ جِئْتِ، فَتَطْلُعُ مِنْ مَغْرِبِهَا. ثُمَّ قَرَأَ: وَذَلِكَ مُسْتَقَرٌّ لَهَا، وَهِيَ قِرَاءَةُ ابْنِ مَسْعُودٍ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Күн батқан кезде мешітке кірдім. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбу Зәрр, мұның қайда бара жатқанын білесің бе?” – деп сұрады. “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – дедім. Ол: “Күн Раббысынан сәжде етуге рұқсат сұрауға барады. Оған рұқсат беріледі. Оған: ‘Келген жағыңнан шық’, – делінетін кез жақын. Сонда ол батқан жағынан шығады”, – деді де, “Міне, оның тұрақтайтын орны осы” деп оқыды»1. Бұл – Ибн Мәсғудтың қырағаты.2
Түсіндірме
1. Риуаяттың бұған дейін берілген нұсқасы толығырақ. Сондықтан оның мағынасын тұтас келтірейік. Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді. «Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге мешітте едім. Күн батып бара жатты. Ол “Уа, Әбу Зәрр, Күннің қайда бара жатқанын білесің бе?” деді. “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі” дедім. Ол “Күн Аршының астына сәжде етуге барады. Әуелі рұқсат сұрайды да, оған рұқсат беріледі. Сәжде еткенімен, сәждесі қабыл болмайтын кез жақын. Ол тағы рұқсат сұрайды, бірақ рұқсат берілмейді. Оған ‘Келген жағыңа қайт, батқан жағыңнан шық!’ делінеді” деді. Осыны “Күн өзіне белгіленген тұраққа қарай жүреді” деген аят білдіреді». Алла Елшісі (с.а.с.) бұдан кейін «Бұл қай кезде болатынын білесіңдер ме? Сол кезде бұрын иман келтірмеген жанға енді келтірген иманы пайда бермейді» деген.
3. «Ясин» сүресіндегі аяттың мәтіні сәл өзгеше. Жоғарыдағы оқылым Ибн Мәсғудтың қырағаты деп көрсетілген. Икрима, Әли ибн әл-Хұсайн, әл-Кисаи арқылы жеткізген әш-Шәйзари сияқты ғалымдар да оны осылай оқыған. Ал Хафстың Асымнан жеткізген мұтауатир қырағаты وَالشَّمْسُ تَجْرِي لِمُسْتَقَرٍّ لَهَا түрінде келеді.