وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يُعْرَضُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ثَلَاثَ عَرَضَاتٍ، فَأَمَّا عَرْضَتَانِ، فَجِدَالٌ وَمَعَاذِيرُ. وَأَمَّا الْعَرْضَةُ الثَّالِثَةُ فَعِنْدَ ذَلِكَ تَطِيرُ الصُّحُفُ فِي الْأَيْدِي، فَآخِذٌ بِيَمِينِهِ وَآخِذٌ بِشِمَالِهِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Қиямет күні адамдар үш рет Алланың алдына шығарылады. Алғашқы екеуінде уәж айтып, ақталуға тырысады. Үшіншісінде амал дәптерлері ұшып, қолдарына түседі. Бірі оны оң қолымен, бірі сол қолымен алады»1.
Түсіндірме
Әли әл-Қаридың түсіндіруінше, адамдар бірінші жолы: «Бізге пайғамбар келген жоқ», – деп өздерін қорғайды. Екінші жолы күнәсін мойындай тұра: «Ұмытып кеттім, жаңылыстым, білместікпен істедім, әдейі істеген жоқпын», – деп сылтау айтады. Үшінші жолы әркімнің амал дәптері көрсетіледі. Ешкім ештеңе жасыра алмайды. Дәптерін оң қолына алғандар қуанады, сол қолына алғандар қайғырады.
- 1Тирмизи, «Қиямет», № 2425. Тирмизи Әбу Һурайраға және Әбу Мұсаға телінген екі нұсқаның да жеткізу тізбегін әлсіз санаған.