Хадис

Кутуб ситтә, № 5103

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
809. Жәннат пен тозақ. Жәннат пен тозақтың ерекшеліктері. Жәннаттың ерекшеліктері
Нөмірі
№ 5103 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
5103
Кутуб ситтә, № 5103 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит (р.а.)

وَعَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فِي الْجَنَّةِ مِائَةُ دَرَجَةٍ، مَا بَيْنَ كُلِّ دَرَجَةٍ وَدَرَجَةٍ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ. وَالْفِرْدَوْسُ أَعْلَاهَا. وَمِنْهَا تُفَجَّرُ أَنْهَارُ الْجَنَّةِ الْأَرْبَعَةُ، وَمِنْ فَوْقِهَا يَكُونُ الْعَرْشُ. فَإِذَا سَأَلْتُمُ اللَّهَ فَاسْأَلُوهُ الْفِرْدَوْسَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Убада ибн әс-Самит (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннатта жүз дәреже бар. Екі дәреженің арасы көк пен жердің арасындай. Фирдаус – солардың ең жоғарысы. Жәннаттың төрт өзені содан басталады. Оның үстінде Арыш бар. Алладан жәннат сұрасаңдар, Фирдаусты сұраңдар»1.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2531.