Хадис

Жәннаттықтар мен тозақтықтар. Жәннаттықтар

Кутуб ситтә, 11-том, 812-тарау · 16 хадис · № 5127–5142

ҚИЯМЕТ ЖӘНЕ СОҒАН ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Хадистер

5127
Кутуб ситтә, № 5127 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلٍ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءَوْنَ أَهْلَ الْغُرَفِ كَمَا تَتَرَاءَوْنَ الْكَوْكَبَ فِي السَّمَاءِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Сендер аспандағы жұлдызды қалай көрсеңдер, жәннаттықтар биік мекендердегі жандарды солай көреді», – деген1.

  1. 1Бұхари, «Риқақ», № 6555. Мүслим, «Жәннат», № 2830.
5128
Кутуб ситтә, № 5128 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءَوْنَ أَهْلَ الْغُرَفِ كَمَا تَتَرَاءَوْنَ الْكَوْكَبَ الدُّرِّىَّ الْغَابِرَ فِي الأُفُقِ مِنَ الْمَشْرِقِ إِلَى الْمَغْرِبِ لِتَفَاضْلِ مَا بَيْنَهُمْ. قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، تِلْكَ مَنَازِلُ الأَنْبِيَاءِ لَا يَبْلُغُهَا غَيْرُهُمْ. قَالَ: بَلَى وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، رِجَالٌ آمَنُوا بِاللَّهِ وَصَدَّقُوا الْمُرسَلِينَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Араларындағы дәреже айырмасына орай жәннаттықтар биік мекендердің иелерін шығыс не батыс көкжиегіндегі інжудей жарқыраған жұлдызды көргендей көреді». Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Бұл – пайғамбарлардың дәрежесі, оған өзгелер жете алмайтын шығар?» – деді. Ол: «Жаным қолында болған Аллаға ант етемін, өзгелер де жетеді. Олар – Аллаға иман келтіріп, елшілерін растағандар», – деді1.

Түсіндірме

1. Жәннат тұрғындарының дәрежесі әртүрлі. Дәрежесі жоғары жандардың мекені биікте. Олар өзге тұрғындарға бізге аспандағы жұлдыздар көрінгендей жарқырап көрінеді.

2. «Ғураф» – «ғурфа» сөзінің көпше түрі. «Ғурфа» бөлме дегенді білдіреді. Құран мен хадисте бұл сөз жәннаттағы айрықша мекен мен мәртебені білдіреді. «Фұрқан» сүресінің 75-аятында, «Зүмар» сүресінің 20-аятында және «Анкабут» сүресінің 58-аятында сол мекенге кімдер лайық болатыны баяндалады.

3. Хадис бұл мәртебеге Аллаға иман келтіріп, пайғамбарларды растағандар жете алатынын білдіреді. Түсіндірушілер өзге риуаяттарға сүйеніп, осы екі сипатқа ие әр адам міндетті түрде ол дәрежеге жетеді деген қорытынды шығармаған. Мәселен, Тирмизидегі бір хадисте Алла Елшісі (с.а.с.): «Жәннатта сырты ішінен, іші сыртынан көрінетін биік мекендер бар», – дейді. Бір бәдәуи олардың кімге арналғанын сұрағанда: «Жылы сөйлейтін, оразасын үзбейтін әрі жұрт ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқитындарға арналған», – дейді. Кей түсіндірушілер осындай адамдар бұл мекендерге жеткенімен, пайғамбарлардың дәрежесі одан жоғары болады деген. Өзгелері аталған сипаттарға ие жандар пайғамбарлардың мәртебесіне жете алады деп ұққан.

Ибн Хажар биік мекендер осы үмбетке арналған деген түсінікке тоқталып, өзге үмбеттерден де Алланы бір деп білгендер барын айтады. Тағы бір ықтимал түсінік бойынша, биік мекендерге жәннатқа әуелгі кезекте кіргендер орналасады, шапағатпен кейін кіргендер оларға қосылмайды. Ибн Хажар олардың Мұхаммед үмбетінен екеніне хадистегі «Аллаға иман келтіріп, елшілерін растағандар» деген сөзді дәлел етеді. Оның пайымынша, барлық пайғамбарды растау осы үмбетте жүзеге асқан. Бұрынғылар өздерінен кейін пайғамбар келетінін растаған күннің өзінде, бұлардың арасындағы айырма бар. Бірі болған оқиғаны, екіншісі болашақта болатын оқиғаны растаған.

  1. 1Бұхари, «Жаратылыстың басталуы», № 3256. Мүслим, «Жәннат», № 2831.
5129
Кутуб ситтә, № 5129 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ أَوَّلَ زُمْرَةٍ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ. ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ عَلَى أَشَدِّ كَوْكَبِ دُرِّيٍّ فِي السَّمَاءِ إِضَاءَةً، لَا يَبُولُونَ وَلَا يَتَغَوَّطُونَ وَلَا يَتْفُلُونَ وَلَا يَمْتَخِطُونَ. أَمْشَاطُهُمُ الذَّهَبُ، وَرَشْحُهُمْ الْمِسْكُ، وَمَجَامِرُهُمُ الْأَلُوَّةُ الْأَلَنْجُوجُ: عُودُ الطِّيبِ. أَزْوَاجُهُمُ الْحُورُ الْعِينُ عَلَى خَلْقِ رَجُلٍ وَاحِدٍ عَلَى صُورَةِ أَبِيهِمْ آدَمَ سِتُّونَ ذِرَاعًا فِي السّماءِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ». الْأَلُوَّةُ. والألنْجوج» مِنْ أَسْمَاءُ الْعُودِ الَّذِي يُتَبَخَّرُ بِهِ. وَمِنْ أَسْمَائِهِ الْكِبَاءُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннатқа алғаш кіретін топ толған айдай болады. Одан кейінгілер көктегі ең жарық жұлдыздай жарқырайды. Олар үлкен де, кіші де дәрет сындырмайды, түкірмейді, сіңбірмейді. Тарақтары алтыннан, терлері мисктей хош иісті. Олар хош иісті ағаш тұтатады. Жұбайлары – хор қыздары. Бәрі бір адамның, яғни аталары Адамның кейпінде болады. Бойлары – алпыс шынтақ»1.

Түсіндірме

Бұл хадис ақырет өмірінің кейбір ерекшелігін баяндайды. Ол өмір дүниедегіден өзгеше, сондықтан оны дүниенің заңдылықтарымен түсіндіру қиын. Ақыретте ас ішіледі, бірақ дәрет сындырылмайды. Мұның қалай жүзеге асатынын ұғуға дүниедегі өсімдіктер мысал бола алады: ағаш та қоректенеді, бірақ жануар секілді қалдық шығармайды. Нәсәи келтірген бір риуаятта кітап иелерінен бір кісі: «Уа, Әбул-Қасым! Сенің айтуыңша, жәннаттықтар ішіп-жей ме?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Иә. Жәннаттықтардың әрқайсысына жүз адамның ішіп-жеу және жыныстық қуаты беріледі», – дейді. Ол кісі ішіп-жеген адамның дәрет сындыратынын, ал жәннатта нәжіс болмайтынын айтады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Олардың денесінен артық қалдық мисктей хош иісті тер болып шығады», – деп жауап береді.

Ибн әл-Жәузи: «Жәннаттықтардың азығы мінсіз болғандықтан, олардың денесінен жағымсыз қалдық шықпайды. Қайта сол азықтан жұпар иіс пайда болады», – дейді.

Бұхаридегі бір риуаятта жәннаттықтар туралы мынадай қосымша мәлімет бар: «Жүректері бір адамның жүрегіндей. Араларында талас та, өшпенділік те жоқ. Әрқайсысының екі жұбайы болады. Сұлулығынан олардың балтыр сүйегінің кемігі етінің ар жағынан көрінеді. Жәннаттықтар ертелі-кеш Алланы ұлықтайды. Ыдыстары алтын мен күмістен жасалған».

Жүректерінің бір болуы – бәрінің жүрегі таза, жаман мінезден ада деген сөз. Жәннаттықтарға Алланы ұлықтау міндет ретінде жүктелмейді. Кейін келтірілетін Мүслім риуаятында: «Тыныс алу қалай үйретілсе, жәннаттықтарға Алланы ұлықтау мен мадақтау да солай үйретіледі», – делінген. Бұл олардың Алланы қиналмай, тыныс алғандай табиғи түрде ұлықтап, мадақтайтынын білдіреді. Түсіндірушілер ақыретте жүрек Алланы тану нұрына толғандықтан, адам әр сәтте Оны зікір етеді деген.

Ақыреттегі таң мен кеш дүниедегі таң мен кешке ұқсамайды. Бір әлсіз риуаят бойынша, Арыштың астында ілулі перде бар. Оның ашылуы таңның, жабылуы кештің белгісі болады.

Жәннаттықтар туралы өзге мәліметтер келесі хадистерде беріледі.

  1. 1Бұхари, «Жаратылыстың басталуы», № 3245, «Әнбия», 1-тарау. Мүслим, «Жәннат», № 2834. Тирмизи, «Жәннат», № 2537.
5130
Кутуб ситтә, № 5130 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ يَأْكُلُونَ فِيهَا وَيَشْرَبُونَ وَلَا يَتْفُلُونَ وَلَا يَبُولُونَ وَلَا يَتَغَوَّطُونَ وَلَا يَمْتَخِطُونَ. قِيلَ: فَمَا بَالُ الطَّعَامِ؟ قَالَ: جُشَاءٌ وَرَشْحٌ كَرَشْحِ الْمِسْكِ، يُلْهَمُونَ التَّسْبِيحَ وَالتَّحْمِيدَ كَمَا تُلْهَمُونَ النَّفَسَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Жабир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Жәннаттықтар жәннатта ішіп-жейді. Бірақ түкірмейді, үлкен де, кіші де дәрет сындырмайды, сіңбірмейді», – деген. «Жеген асы қайда кетеді?» – деген сұраққа: «Кекірік және мисктей хош иісті тер болып шығады. Сендерге тыныс алу қалай табиғи болса, оларға да Алланы пәктеу мен мадақтау солай табиғи болады», – деп жауап берген1.

Бұл жөнінде алдыңғы хадистің түсіндірмесінде айтылды.

  1. 1Мүслим, «Жәннат», № 2835a. Әбу Дәуіт, «Сүннет», № 4741.
5131
Кутуб ситтә, № 5131 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әбу Сағид әл-Худри (р.а.)

وَعَنِ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ مَاتَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ مِنْ صَغِيرٍ أَوْ كَبِيرٍ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ بَنِي ثَلَاثِينَ لَا يَزِيدُونَ عَلَيْهَا أَبَدًا، وَكَذَلِكَ أَهْلُ النَّارِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннаттық кісі қай жаста қайтыс болса да, жәннатқа отыз жасында кіреді. Жасы одан әрі ұлғаймайды. Тозақтықтарда да солай»1.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2562.
5132
Кутуб ситтә, № 5132 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَهْلُ الْجَنَّةِ جُرْدٌ مُرْدٌ كُحْلٌ لَا يَفْنَى شَبَابُهُمْ وَلَا تَبْلَى ثِيَابُهُمْ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: «عَلَيْهِمُ تِيجَانٌ، وَإِنَّ أَدْنَى لُؤْلُؤَةٍ مِنْهَا لَتُضِيءُ مَا بَيْنَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ». «الْجُرْدُ» جَمْعُ أَجْرَدَ، وَهُوَ الَّذِي لَا شَعْرَ عَلَيْهِ. وَ«الكحيلُ» هُوَ الَّذِي تُرَى أَجْفَانُهُ كَأَنَّهَا مَكْحُولَةٌ مِنْ غَيْرِ كُحْلٍ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннаттықтардың денесінде түк, жүзінде сақал болмайды, көздері сүрме жаққандай көрінеді. Жастығы өтпейді, киімі тозбайды»1.

Тирмизидегі бір риуаятта: «Бастарында тәж болады. Ондағы ең кішкентай інжудің өзі шығыс пен батыстың арасын жарық қылады», – деген қосымша бар.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2539. Тәж туралы қосымша сол жинақтың № 2562 риуаятында келген.
5133
Кутуб ситтә, № 5133 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Әбу Рәзин әл-Уқайли (р.а.)

وَعَنْ أَبِي رَزِينٍ الْعُقَيْلِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَكُونُ لِأَهْلِ الْجَنَّةِ وَلَدٌ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ عَنِ الْخُدْرِيِّ: «الْمُؤْمِنُ إِذَا اشْتَهَى الْوَلَدَ فِي الْجَنَّةِ كَانَ حَمْلُهُ وَوَضْعُهُ وَسِنُّهُ فِي سَاعَةٍ كَمَا يَشْتَهِي». قَالَ بَعْضُهُمْ: وَلَكِنْ لَا يُشْتَهَى.

Қазақша аудармасы

Әбу Рәзин әл-Уқайлиден (р.а.) жеткен риуаят бойынша, Алла елшісі (с.а.с.): «Жәннаттықтардың баласы болмайды», – деген1. Тирмизи келтірген Әбу Сағид әл-Худри риуаятында: «Мүмін жәннатта бала қаласа, оның ана құрсағына бітуі, тууы және қалаған жасқа жетуі бір сәтте жүзеге асады», – делінеді.

Кей ғалымдар жәннатта мұндай тілек болмайтынын айтқан.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2563. Әбу Рәзиннің риуаяты мен Әбу Сағидтың риуаяты осы жерде қатар келтірілген.
5134
Кутуб ситтә, № 5134 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يُعْطَى الْمُؤْمِنُ فِي الْجَنَّةِ قُوَّةَ كَذَا وَكَذَا مِنَ الْجِمَاعِ. قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَوَيُطِيقُ ذَلِكَ؟ قَالَ: يُعْطَى قُوَّةَ مِائَةٍ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Мүмінге жәннатта жыныстық қатынас үшін осынша қуат беріледі», – деген. «Уа, Алланың елшісі! Оған адамның шамасы жете ме?» – деп сұралғанда: «Оған жүз адамның қуаты беріледі», – деп жауап берген1.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2536.
5135
Кутуб ситтә, № 5135 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Әбу Сағид әл-Худри (р.а.)

وَعَنِ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: تَكُونُ الأرْضُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ خُبْزَةً وَاحِدَةً يَتَكَفّاهَا الْجَبَّارُ بِيَدِهِ كَمَا يَتَكَفّى أحَدُكُمْ خُبْزَتَهُ فِي السَّفَرِ نُزُلًا لأهْلِ الْجَنَّةِ. فأتَى رَجُلٌ مِنَ الْيَهُودِ، فقَالَ: بَارَكَ الرَّحْمنُ عَلَيْكَ يَا أبَا الْقَاسِمِ. أَأُخْبِرُكَ بِنُزُلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟ قَالَ: بَلى. قَالَ: تَكُونُ الأرْضُ خُبْزَةً وَاحِدَةً كَمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَنَظَرَ النّبِىُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إلَيْنَا. ثُمَّ ضَحِكَ حَتَّى بَدَتْ نَوَاجِذُهُ. ثُمَّ قَالَ: أَأُخْبِرُكَ بِإِدَامِهِمْ؟ قَالَ: بَلى. قَالَ: بَالَامٌ وَنُونٌ. قَالَ: وَمَا هَذَا؟ قَالَ: ثَوْرٌ وَنُونٌ، يَأْكُلُ مِنْ زَائِدَةِ كَبِدِهِمَا سَبْعُونَ أَلْفًا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ». يتكفّاها» أَيْ يُقَلِّبُهَا وَيُمِيلُهَا». الجبّارُ» مِنْ أَسْمَاءُ اللَّهِ تَعَالَى. وَ«النُّزُولُ» مَا يعدّ لِلضَّيْفِ مِنْ طَعَامٍ وَشَرَابٍ. وَ«النّواجِذُ» الْأَنْيَابُ. وَ«بَالَامُ» الثَّوْرُ كَمَا فَسَّرَهُ فِي مَتْنِ الْحَدِيثِ، وَلَعَلَّ اللَّفْظَةَ عِبْرَانِيَّةٌ. وَ«النُّون» الْحُوتُ وَهُوَ عَرَبِيٌّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Қиямет күні жер тұтас бір бөлке нанға айналады. Жаббар оны жәннаттықтарға алғашқы ас етіп әзірлейді. Сендердің бірің сапарда нанды қолына алып аударғандай, Ол оны қолында аударады». Сонда бір яһуди келіп: «Уа, Әбул-Қасым! Рахман саған береке берсін. Қиямет күні жәннаттықтарға қандай алғашқы ас берілетінін айтайын ба?» – деді. Алла елшісі (с.а.с.): «Айт», – деді. Ол да Алла елшісі (с.а.с.) айтқандай, жер тұтас бір бөлке нанға айналатынын жеткізді. Алла елшісі (с.а.с.) бізге қарап, азу тісі көрінгенше күлді. Сосын әлгі кісі: «Жәннаттықтардың сол нанмен бірге не жейтінін айтайын ба?» – деді. «Айт», – дегенде: «Балам мен нун», – деді. «Ол не?» – деп сұралғанда: «Өгіз бен балық. Олардың бауырының қосалқы бөлігін жетпіс мың адам жейді», – деп жауап берді1.

Түсіндірме

1. Хадистегі «жер» осы дүниедегі жерді білдіреді.

2. Түсіндірушілердің көбі «нузул» сөзін қонаққа арнап әзірленген алғашқы ас, дастарқан басында алдымен ұсынылатын дәм деп түсіндірген.

3. Ғалымдар хадистің мәні жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Соның ішінде Ибн Хажардың түсіндіруі мынадай: «Мүміндер есеп беретін жерде ұзақ күткенде аштықтан азап шекпейді. Алла құдіретімен жердің кейпін өзгертіп, жеуге жарамды етеді. Олар аяқ астындағы жерден қиындықсыз алып жейді. Бұл жәннаттықтар жәннатқа кіргенге дейін болады».

4. Алла Елшісі (с.а.с.) яһудидің сөзін естігенде күлді. Түсіндірмеде бұл оның уахидан білгенін әлгі кісінің өз қасиетті кітаптарына сүйеніп растағанына қуануы еді делінген.

5. Жәннаттықтардың асына қатысты «нун» сөзі балық деп түсіндірілген. «Балам» сөзі жайында бірнеше пікір айтылған. Ол ибрани тілінен енген болуы мүмкін. Ғалымдардың көбі оны өгіз деп түсінген.

6. Өгіз бен балықтың бауырынан жейтіндердің саны жетпіс мың деп көрсетілген. Түсіндірушілер мұны жәннатқа есепсіз кіретіндердің саны деп немесе көптікті білдіретін сөз деп жорыған. «Заидатул-кәбид» – бауырдың бір бөлігінің атауы. Түсіндірушілер оны мал етінің ең дәмді тұсы деп сипаттаған.

  1. 1Бұхари, «Риқақ», № 6520. Мүслим, «Мұнафиқтар», № 2792.
5136
Кутуб ситтә, № 5136 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әбу Сағид әл-Худри (р.а.)

وَعَنِ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً الَّذِي لَهُ ثَمَانُونَ أَلْفَ خَادِمٍ، وَاثْنَتَانِ وَسَبْعُونَ زَوْجَةً؛ وَتُنْصَبُ لَهُ قُبَّةٌ مِنْ لُؤْلُؤٍ وَزَبَرْجَدٍ وَيَاقُوتٍ كَمَا بَيْنَ الْجَابِيَةِ إِلَى صَنْعَاءَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннатта дәрежесі ең төмен кісінің сексен мың қызметшісі мен жетпіс екі жұбайы болады. Оған інжуден, зүбәржаттан және жақұттан күмбез тігіледі. Ол Жабия мен Сананың арасындай кең болады»1.

Түсіндірме

1. Жәннатта дәрежесі ең төмен мүмінге берілетін қызметшілер мен жұбайлардың саны дәл мөлшерді де, көптікті де білдіруі мүмкін. Түсіндірмеге сай, аталған жұбайлар – хор қыздары. Дүниедегі жұбайлар бұл санға кірмейді.

2. Хадисте «күмбез» деп аталған мекен киіз үй тәрізді дөңгелек пішінді деп түсіндірілген. Жабия – Сириядағы елді мекен, Сана – Йемендегі қала. Аралары бір айлық жол деп көрсетілген. Бұл салыстыру күмбездің кеңдігін аңғартады.

Жәннатта дәрежесі ең төмен кісінің өзі осынша нығметке бөленсе, ең жоғары мәртебеге жеткендердің алатын игілігі қандай болмақ? Хадис жоғары мәртебеге ұмтылуға үндейді.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2562.
5137
Кутуб ситтә, № 5137 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ أَدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً لَمَنْ يَنْظُرُ إِلَى جِنَانِهِ وَأَزْوَاجِهِ وَخَدَمِهِ وَنِعَمِهِ وَسُرُرِهِ مَسِيرَةَ أَلْفِ عَامٍ. وَأَكْرَمُهُمْ عَلَى اللَّهِ مَنْ يَنْظُرُ إِلَى وَجْهِهِ غُدْوَةً وَعَشِيَّةً. ثُمَّ قَرَأَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ﴿وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَاضِرَةٌ ۝ إِلَى رَبِّهَا نَاظِرَةٌ﴾». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннатта дәрежесі ең төмен кісі мың жылдық жолға созылып жатқан бақтарына, жұбайларына, қызметшілеріне, нығметтері мен тақтарына қарайды. Алла алдында ең құрметтілері таңертең және кешке Оның дидарына қарайды».

Содан соң Алла елшісі (с.а.с.): «Сол күні кей жүздер нұрланып, Раббыларына қарайды» деген аяттарды оқыды («Қиямет», 22–23-аяттар)1.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2553, «Тәпсір», «Қиямет», № 3330.
5138
Кутуб ситтә, № 5138 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

وَعَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: سَأَلَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ رَبَّهُ تَعَالَى: مَا أَدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً؟ قَالَ: هُوَ رَجُلٌ يَجِيءُ بَعْدَ مَا أُدْخِلَ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ، فَيُقَالُ لَهُ: ادْخُلِ الْجَنَّةَ. فَيَقُولُ: أَيْ رَبِّ، وَكَيْفَ وَقَدْ نَزَلَ النَّاسُ مَنَازِلَهُمْ وَأَخَذُوا أَخَذَاتِهِمْ. فَيُقَالُ: أَمَا تَرْضَى أَنْ يَكُونَ لَكَ مِثْلُ مُلْكِ مَلِكٍ مِنْ مُلُوكِ الدُّنْيَا؟ فَيَقُولُ: رَبِّ رَضِيتُ. فَيَقُولُ: لَكَ ذَلِكَ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ. فَيَقُولُ فِي الْخَامِسَةِ: رَضِيتُ رَبِّ. فَيَقُولُ: هَذَا لَكَ وَعَشْرَةُ أَمْثَالِهِ، وَلَكَ مَا اشْتَهَتْ نَفْسُكَ وَلَذَّتْ عَيْنُكَ. فَيَقُولُ: رَبِّ رَضِيتُ. فَقَالَ: فَأَعْلَاهُمْ مَنْزِلَةً؟ قَالَ: أُولَئِكَ الَّذِينَ أَرَدْتُ، غَرَسْتُ كَرَامَتَهُمْ بِيَدِيَّ وَخَتَمْتُ عَلَيْهَا فَلَمْ تَرَ عَيْنٌ وَلَمْ تَسْمَعْ أُذُنٌ وَلَمْ يَخْطُرْ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ. قَوْلُهُ )أخَذُوا أخَذاتِهِمْ( أَيْ نَزَلُوا مَنَازِلَهُمُ الْمُخْتَصَّةَ بِهِمْ.

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғба (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мұса (а.с.) Раббысынан: “Жәннаттықтардың ең төменгі дәрежесі қандай?” – деп сұрады. Алла: “Ол – жәннаттықтар жәннатқа кіргеннен кейін келетін кісі. Оған: ‘Жәннатқа кір’, – делінеді. Ол: ‘Уа, Раббым! Жұрт орындарына жайғасып, тиесілісін алып қойғанда, мен қалай кіремін?’ – дейді. Оған: ‘Саған дүниедегі бір патшаның иелігіндей мүлік берілсе, разы болар ма едің?’ – делінеді. Ол: ‘Уа, Раббым! Разымын’, – дейді. Алла: ‘Ол саған берілді. Тағы соншасы, тағы соншасы, тағы соншасы, тағы соншасы берілді’, – дейді. Бесіншісінде ол: ‘Уа, Раббым! Разымын’, – дейді. Алла: ‘Осының бәрі және оның он есесі сенікі. Көңілің қалаған, көзің сүйсінген нәрсенің бәрі сенікі’, – дейді. Ол: ‘Уа, Раббым! Разымын’, – дейді”, – деп жауап береді. Мұса: “Ал ең жоғары дәреже иелері кімдер?” – деп сұрайды. Алла: “Олар – Өзім қалағандар. Оларға арналған сыйды Өз қолыммен егіп, бетін мөрледім. Оларды ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген, ешбір адамның ойына да келмеген”, – дейді»1.

  1. 1Мүслим, «Иман», № 189b. Тирмизи, «Тәпсір», «Сәжде», 1-тарау.
5139
Кутуб ситтә, № 5139 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَقُولُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ لِأَهْلِ الْجَنَّةِ: يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ! فَيَقُولُونَ: لَبَّيْكَ رَبَّنَا وَسَعْدَيْكَ وَالْخَيْرُ فِي يَدَيْكَ. فَيَقُولُ: هَلْ رَضِيتُمْ؟ فَيَقُولُونَ: وَمَا لَنَا لَا نَرْضَى يَا رَبَّنَا، وَقَدْ أَعْطَيْتَنَا مَا لَمْ تُعْطِ أَحَدًا مِنْ خَلْقِكَ. فَيَقُولُ: أَأُعْطِيكُمْ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ؟ فَيَقُولُونَ: وَأَيُّ شَيْءٍ أَفْضَلُ مِنْ ذَلِكَ؟ فَيَقُولُ: أُحِلُّ عَلَيْكُمْ رِضْوَانِي فَلَا أَسْخَطُ عَلَيْكُمْ بَعْدَهُ أَبَدًا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алла тағала: “Уа, жәннаттықтар!” – дейді. Олар: “Уа, Раббымыз, әміріңе құлдық! Бар жақсылық Сенің қолыңда”, – дейді. Алла: “Разысыңдар ма?” – деп сұрайды. Олар: “Уа, Раббымыз! Қалай разы болмайық? Сен бізге жаратқандарыңның ешқайсысына бермеген нығметтерді бердің”, – дейді. Алла: “Сендерге бұдан да абзалын берейін бе?” – дейді. Олар: “Бұдан абзал не болуы мүмкін?” – деп сұрайды. Алла: “Сендерге разылығымды нәсіп етемін. Бұдан былай сендерге ешқашан қаһарланбаймын”, – дейді»1.

  1. 1Бұхари, «Риқақ», № 6549, «Тәухид», № 7518. Мүслим, «Жәннат», № 2829. Тирмизи, «Жәннат», 18-тарау.
5140
Кутуб ситтә, № 5140 · тараудағы реті: 14Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: عُرِضَ عَلَيَّ أَوَّلُ ثَلَاثَةٍ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ: شَهِيدٌ، وَعَفِيفٌ مُتَعَفِّفٌ، وَعَبْدٌ أَحْسَنَ عِبَادَةَ اللَّهِ وَنَصَحَ لِمَوَالِيهِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Маған жәннатқа алғашқы кіретін үш кісі көрсетілді. Олар – шейіт, арын сақтап, мұқтаж болса да тіленбеген кісі және Аллаға көркем құлшылық етіп, қожайындарына адал болған құл»1.

  1. 1Тирмизи, «Жиһадтың артықшылықтары», № 1642.
5141
Кутуб ситтә, № 5141 · тараудағы реті: 15

وَعَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَأُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ الْجَنَّةِ؟ قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: كُلُّ ضَعِيفٍ مُتَضَعِّفٍ لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ، أَأُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ النَّارِ؟ كُلُّ عُتُلٍّ جَوَّاظٍ مُسْتَكْبِرٍ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уәһб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Сендерге жәннаттықтарды айтайын ба?” Сахабалар: “Иә, уа, Алланың елшісі”, – деді. Ол: “Жұрт әлсіз санайтын әрбір әлсіз кісі. Ол Алланың атымен ант етсе, Алла антын орындар еді”, – деді. Сосын: “Сендерге тозақтықтарды айтайын ба? Әрбір дөрекі, дүниеқоңыз әрі тәкаппар кісі”, – деді»1.

  1. 1Бұхари, «Тәпсір», «Қалам», № 4918. Мүслим, «Жәннат», № 2853. Тирмизи, «Тозақ», № 2605.
5142
Кутуб ситтә, № 5142 · тараудағы реті: 16

وَلِأَبِي دَاوُدَ مِنْ رِوَايَةِ حَارِثَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ الْجَوَّاظُ وَلَا الْجَعْظَرِيُّ». قالَ وَ«الجَوَّاظ» الْغَلِيظُ الْفَظُّ. قُلتُ: «الْجَوَّاظُ» الْجَمُوعُ الْمَنُوعُ. وَقِيلَ السَّمِينُ الْمُخْتَالُ فِي مِشْيَتِهِ، وَقِيلَ الْقَصِيرُ الْبَطِينُ. وَ«الْجَعْظَرِيُّ» الْفَظُّ الْغَلِيظُ، واللّه أَعْلَمُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуітте Харисадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с.): «Сараң, дүниеқоңыз кісі де, дөрекі, қатігез кісі де жәннатқа кірмейді», – деген1.

Түсіндірме

Ғалымдар осы хадистердегі тозақтықтарды сипаттайтын сөздердің мағынасын әртүрлі түсіндірген.

«Утулл» – қатал, жөнсіз өшіккен адам.

«Жаууаз» – тасжүрек, мал жинап, оны игілікке жұмсамайтын сараң, паңданып жүретін семіз, бойы қысқа әрі қарны үлкен, мейірімсіз, күнәһар немесе обыр кісі деген мағыналарда түсіндірілген.

«Жағзари» – қатал, тәкаппар, қолында жоқ нәрсемен мақтанатын адам. Бұл сөздер бір-біріне жақын жағымсыз мінездерді сипаттайды.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», № 4801.