وَعَنِ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً الَّذِي لَهُ ثَمَانُونَ أَلْفَ خَادِمٍ، وَاثْنَتَانِ وَسَبْعُونَ زَوْجَةً؛ وَتُنْصَبُ لَهُ قُبَّةٌ مِنْ لُؤْلُؤٍ وَزَبَرْجَدٍ وَيَاقُوتٍ كَمَا بَيْنَ الْجَابِيَةِ إِلَى صَنْعَاءَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннатта дәрежесі ең төмен кісінің сексен мың қызметшісі мен жетпіс екі жұбайы болады. Оған інжуден, зүбәржаттан және жақұттан күмбез тігіледі. Ол Жабия мен Сананың арасындай кең болады»1.
Түсіндірме
1. Жәннатта дәрежесі ең төмен мүмінге берілетін қызметшілер мен жұбайлардың саны дәл мөлшерді де, көптікті де білдіруі мүмкін. Түсіндірмеге сай, аталған жұбайлар – хор қыздары. Дүниедегі жұбайлар бұл санға кірмейді.
2. Хадисте «күмбез» деп аталған мекен киіз үй тәрізді дөңгелек пішінді деп түсіндірілген. Жабия – Сириядағы елді мекен, Сана – Йемендегі қала. Аралары бір айлық жол деп көрсетілген. Бұл салыстыру күмбездің кеңдігін аңғартады.
Жәннатта дәрежесі ең төмен кісінің өзі осынша нығметке бөленсе, ең жоғары мәртебеге жеткендердің алатын игілігі қандай болмақ? Хадис жоғары мәртебеге ұмтылуға үндейді.
- 1Тирмизи, «Жәннат», № 2562.