وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَخْلُصُ الْمُؤْمِنُونَ مِنَ النَّارِ، فَيُحْبَسُونَ عَلَى قَنْطَرَةٍ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ، فَيُقْتَصُّ لِبَعْضِهِمْ مِنْ بَعْضٍ مَظَالِمَ كَانَتْ بَيْنَهُمْ فِي الدُّنْيَا، حَتَّى إِذَا هُذِّبُوا وَنُقُّوا أُذِنَ لَهُمْ فِي دُخُولِ الْجَنَّةِ. فَوَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَأَحَدُهُمْ أَهْدَى بِمَنْزِلِهِ فِي الْجَنَّةِ مِنْهُ بِمَنْزِلِهِ كَانَ فِي الدُّنْيَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.
Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мүміндер оттан құтылған соң жәннат пен тозақтың арасындағы көпірде тоқтатылады. Дүниеде бір-біріне жасаған қиянаттары үшін сол жерде есеп айырысады. Әбден арылып, тазарған соң жәннатқа кіруге рұқсат беріледі. Жаным қолында болған Аллаға ант етемін, олардың әрқайсысы жәннаттағы үйіне барар жолды дүниедегі үйінің жолынан жақсы біледі»1.
Түсіндірме
1. Бұл хадисте иманмен дүние салғандардың түптің түбінде жәннатқа кіретіні айтылған. Оған дейін олардың бір-біріне жасаған қиянаты үшін есеп айырысып, кісі ақысынан арылуы қажет. Түсіндірмеге сай, олар толық тазарған соң жәннатқа кіруге рұқсат алады. Бұл «Мойнында кісі ақысы қалған адам жәннатқа кірмейді» деген мағынадағы хадисті қуаттайды.
2. Кей ғалымдар осы хадиске сүйеніп, жәннат пен тозақ арасында тозақ үстіндегі Сираттан бөлек екінші көпір бар деген. Көпшілігі оны Сират көпірінің жалғасы деп түсінген.
3. Хадистегі тазару кісі ақысын өтеу арқылы жүзеге асады. Біреудің ақысын жеген пенде оған өз сауабынан береді. Сонда қиянат жасағанның дәрежесі төмендеп, ақысын алғанның дәрежесі көтеріледі. Беретін сауабы қалмаса, жәбір көрген адамның күнәларынан өз мойнына алады.
- 1Бұхари, «Зұлымдық», № 2440, «Риқақ», № 6535.