Хадис

Иқтағ

Кутуб ситтә, 11-том, 820-тарау · 4 хадис · № 5177–5180

КӘСБ БӨЛІМІ

Хадистер

5177
Кутуб ситтә, № 5177 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Уаил ибн Хужр (р.а.)

عَنْ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَقْطَعَهُ أَرْضًا مِنْ حَضْرَمَوْتَ، وَكَانَ مُعَاوِيَةُ أَمِيرًا بِهَا إِذْ ذَاكَ، فَكَتَبَ إِلَيْهِ: أَعْطِهِ إِيَّاهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Уәйл ибн Хужр (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) маған Хадрамауыттан бір жер телімін бөліп берді. Ол кезде Мұғауия сол өңірдің әмірі еді. Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Сол жерді Уәйлге бер”, – деп хат жазды»1.

Түсіндірме

«Иқтағ» сөзі «кесу» мағынасындағы قَطَعَ түбірінен тараған. Ол белгілі бір жердің бір бөлігін бөліп беруді білдіреді. Бұл жерде мемлекет басшысының жер телімін шаруашылық жүргізетін адамға пайдалануға беруі сөз болып отыр. Қади Иядтың түсіндіруінше, мемлекет қарауындағы жер белгілі мерзімге, оны игере алатын адамға беріледі. Риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) Уәйл ибн Хужрға Хадрамауыттан жер бөлдіріп, сол өңірдің басшысына бұл жөнінде хат жолдағаны айтылады.

Басқа риуаяттарда Алла Елшісінің (с.а.с.) тұз кенін игеруге немесе құрма бағын күтуге де жер бөліп бергені баяндалған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3058–3059. Тирмизи, «Ахкам», № 1381. Тирмизидің бір нұсқасында Мұғауияны Уәйлмен бірге жерді бөліп беру үшін жібергені айтылған.
5178
Кутуб ситтә, № 5178 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ كَثِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ عَوْفٍ الْمُزَنِيِّ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَقْطَعَ بِلَالَ بْنَ الْحَارِثِ الْمُزَنِيَّ مَعَادِنَ الْقَبَلِيَّةِ جَلْسِيَّهَا وَغَوْرِيَّهَا، وَحَيْثُ يَصْلُحُ الزَّرْعُ مِنْ قُدْسٍ، وَلَمْ يُعْطِهِ حَقَّ مُسْلِمٍ. وَكَتَبَ لَهُ: بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ، هَذَا مَا أَعْطَى مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِلَالَ بْنَ الْحَارِثِ، أَعْطَاهُ مَعَادِنَ الْقَبَلِيَّةِ جَلْسِيَّهَا وَغَوْرِيَّهَا». زَادَ فِي رِوَايَةٍ: «وَذَاتَ النُّصُبِ، وَحَيْثُ يَصْلُحُ الزَّرْعُ مِنْ قُدْسٍ، وَلَمْ يُعْطِهِ حَقَّ مُسْلِمٍ، وَكَتَبَ أُبَيُّ بْنُ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ. «الْجَلْسِيُّ» بِالْجِيمِ مَنْسُوبٌ إِلَى الْجَلْسِ، وَهِيَ أَرْضُ نَجْدٍ، وَيُقَالُ لِكُلِّ مُرْتَفِعٍ مِنَ الْأَرْضِ جَلْسٌ. وَ«الْغَوْرُ» مَا انْهَبَطَ مِنَ الْأَرْضِ، وَأَرَادَ أَنَّهُ أَقْطَعَهُ جَمِيعَ تِلْكَ الْأَرْضِ نَجْدَهَا وَغَوْرَهَا.

Қазақша аудармасы

Кәсир ибн Абдулла ибн Амр ибн Ауф әл-Музани әкесінен, әкесі атасынан мына риуаятты жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.) Біләл ибн әл-Харис әл-Музаниге әл-Қабалияның қыраттағы және ойпаттағы кен орындарын, Қудстың егінге жарамды жерлерін бөліп берді. Бұл үлеске ешбір мұсылманның хақысы бар жерді қоспады. Оған: “Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен. Бұл – Алланың елшісі Мұхаммедтің Біләл ибн әл-Хариске бергені. Оған әл-Қабалияның қыраттағы және ойпаттағы кен орындарын берді”, – деп жазып берді».

Өзге нұсқада құжатқа: «Зат ән-Нұсубты және Қудстың егінге жарамды жерлерін де берді. Ешбір мұсылманның хақысын оған берген жоқ. Мұны Үбәй ибн Кағб жазды», – деген сөздер қосылған1.

Түсіндірме

«Муаттадағы» нұсқада Алла Елшісінің (с.а.с.) Біләл ибн әл-Хариске Фәрғ өңіріндегі әл-Қабалия кен орындарын бөліп бергені және сол кендерден күні бүгінге дейін зекеттен басқа төлем алынбағаны айтылады.

Биік және ойпаң жерлерді атап көрсету арқылы сол өңір тұтасымен меңзелген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3062–3063. Мәлик, «Муатта», «Зекет», 8-тарау (1-том, 248-бет).
5179
Кутуб ситтә, № 5179 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَقْطَعَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الزُّبَيْرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حُضْرَ فَرَسِهِ. فَأَجْرَى فَرَسَهُ حَتَّى قَامَ، ثُمَّ رَمَى بِسَوْطِهِ، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَعْطُوهُ حَيْثُ بَلَغَ سَوْطُهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «حُضْرُ الْفَرَسِ» عَدْوُهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Зубәйрге (р.а.) аты шаба алатын жерге дейін үлес берді. Зубәйр атын тоқтағанша шаптырып, кейін қамшысын лақтырды. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Қамшысы жеткен жерге дейін беріңдер”, – деді»1.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3072.
5180
Кутуб ситтә, № 5180 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Амр ибн Хурәйс (р.а.)

وَعَنْ عَمْرِو بْنِ حُرَيْثٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَطَّ لِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ دَارًا بِالْمَدِينَةِ بِقَوْسٍ، وَقَالَ: أَزِيدُكَ، أَزِيدُكَ؟». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Хурайс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинада маған үй салатын жердің шекарасын садағымен сызып: “Тағы қоса түсейін бе? Тағы қоса түсейін бе?” – деді»1.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3060.