عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «احْتَجَمَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَأَعْطَى الْحَجَّامَ أَجْرَهُ، وَلَوْ كَانَ سُحْتًا لَمْ يُعْطِهِ، وَكَلَّمَ سَيِّدَهُ فَخَفَّفَ عَنْهُ مِنْ ضَرِيبَتِهِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ. «الضَّرِيبَةُ» الْخَرَاجُ الَّذِي يُقَرَّرُ عَلَى إِنْسَانٍ يُؤَدِّيهِ فِي كُلِّ يَوْمٍ أَوْ شَهْرٍ أَوْ سَنَةٍ.
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) хижама жасатып, хижамашыға ақысын берді. Ақысы арам болғанда, оны бермес еді. Оның қожайынымен сөйлесіп еді, ол хижамашының төлейтін алымын азайтты»1.
Түсіндірме
Хижама жасаған кісі еңбегіне ақы ала ала ма? Ғалымдар бұл жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Осы хадисте ақы алудың рұқсат екені аңғарылады. Тыйым салынғанда, Алла Елшісі (с.а.с.) оған ақы бермес еді.
Пікірдің әртүрлі болуы тыйым да, рұқсат та білдіретін риуаяттардың жетуіне байланысты. Ғалымдардың көпшілігі рұқсат білдіретін хадистерге сүйеніп, ем үшін қан алдыруды да, осы қызметке ақы төлеуді де мүбаһ санаған.
- 1Бұхари, «Ижара», 18-тарау, «Буюғ», 39-тарау, «Тыбб», 9-тарау. Мүслим, «Мусақат», № 1202c. Әбу Дәуіт, «Буюғ», № 3423.