عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ صَاحِبُ مَكْسٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Уқба ибн Амир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) “Негізсіз алым алушы жәннатқа кірмейді” дегенін естідім»1.
Түсіндірме
«Мәкс» сөзінің түпкі мағынасы – кеміту, әділетсіздік жасау. Жаһилия дәуірінде базарда саудагерден алынған дирхамды да осылай атаған. Зекеттің тиісті мөлшерін алғаннан кейін жинаушы үстінен ақша талап етсе, ол да мәкс саналған. Бағауи «Шарх әс-суннада» хадистегі «мәкс иесі» деп саудагерден «ұшыр» деген атпен заңсыз алым алған кісі айтылғанын жазады. Ал зекетті не келісім бойынша белгіленген алымды жинап, шектен аспаған қызметкер «мұхтасиб» деп аталған.
Демек, мәкс – заңсыз, әділетсіз немесе өз пайдасы үшін алынған алым. Хадистегі «мәкс иесі» деп осындай алым алған кісіні айтады.
- 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 2937.