وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ لَيَتَمَثَّلُ فِي صُورَةِ الرَّجُلِ فَيَأْتِي الْقَوْمَ فَيُحَدِّثُهُمُ الْكَذِبَ، فَيَتَفَرَّقُونَ. فَيَقُولُ الرَّجُلُ مِنْهُمْ: سَمِعْتُ رَجُلًا أَعْرِفُ وَجْهَهُ وَلَا أَعْرِفُ اسْمَهُ يُحَدِّثُ كَذَا وَكَذَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Қазақша аудармасы
Ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Шайтан адам кейпіне еніп, бір топ кісіге келеді де, оларға өтірік әңгіме айтады. Олар тарап кеткен соң, біреуі: “Жүзін көрсем танитын, бірақ есімін білмейтін бір адамнан мынадай сөз естідім”, – дейді»1.
- 1Мүслим, «Кіріспе», Ибн Мәсғудтың сөзі (кіріспе риуаяттарын жеке нөмірлеуде № 17).