Хадис

Кутуб ситтә, № 5231

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
836. ҮЛКЕН КҮНӘЛАР
Нөмірі
№ 5231 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5231
Кутуб ситтә, № 5231 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قُلْتُ: يَا نَبِيَّ اللَّهِ، أَيُّ الذَّنْبِ أَعْظَمُ عِنْدَ اللَّهِ؟ قَالَ: أَنْ تَجْعَلَ لِلَّهِ نِدًّا وَهُوَ خَلَقَكَ. قُلْتُ: ثُمَّ أَيٌّ؟ قَالَ: أَنْ تَقْتُلَ وَلَدَكَ مَخَافَةَ أَنْ يَطْعَمَ مَعَكَ. قُلْتُ: ثُمَّ أَيٌّ؟ قَالَ: أَنْ تُزَانِيَ حَلِيلَةَ جَارِكَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Мен: “Уа, Алланың пайғамбары, Алланың құзырында қай күнә ең ауыр?” – деп сұрадым. Ол: “Өзіңді жаратқан Аллаға теңдес қосуың”, – деді.

– Одан кейін қайсысы?

– Асыңа ортақтасады деп қорқып, өз балаңды өлтіруің.

– Одан кейін қайсысы? – деп тағы сұрадым. Алла елшісі (с.а.с.):

– Көршіңнің жұбайымен зина жасауың, – деді»1.

  1. 1Бұхари, «Тәпсір», «Бақара» сүресі, 3-тарау, «Фурқан» сүресі, 3-тарау, «Әдеп», 20-тарау, «Мухарибин», 20-тарау, «Дият», 1-тарау, «Тәухид», 40, 46-тараулар. Мүслим, «Иман», 141-хадис. Тирмизи, «Тәпсір», «Фурқан» сүресі, № 3181, № 3182. Нәсәи, «Тахрим», 4-тарау (7-том, 89–90-беттер). Әбу Дәуіт, «Талақ», 50-тарау, № 2310, қысқа нұсқа.