عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ رُكَانَةَ، عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فَرْقُ مَا بَيْنَنَا وَبَيْنَ الْمُشْرِكِينَ الْعَمَائِمُ عَلَى الْقَلَانِسِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Мұхаммед ибн Рукана әкесінен (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Біз бен мүшріктердің айырмашылығы – тақияның сыртынан оралған сәлде», – деген1.
Түсіндірме
Хадисте мұсылмандар мен мүшріктердің баскиіміндегі айырмашылық айтылған. Кейбір ғалымдардың айтуынша, тақияны мүшріктер де киген. Тақияның сыртынан сәлде орау сол кезеңде мұсылмандарға тән баскиім үлгісі болған.
Түсіндірмелерде Алла Елшісінің (с.а.с.) тақия үстінен сәлде орағаны немесе сәлденің өзін орағаны баяндалады. Кейбір түсіндірмеші оның сәлдесіз тақия кигенін көрген жан болмағанын айтып, мұны мүшріктердің сәлдесіз тақия киюімен байланыстырған.
- 1Әбу Дәуіт, «Либас», 24-тарау, №4078. Тирмизи, «Либас», 47-тарау, №1784 (Жанан басылымында №1785).