Хадис

Кутуб ситтә, № 5236

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
837. КИІМ-КЕШЕК
Нөмірі
№ 5236 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5236
Кутуб ситтә, № 5236 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Ауф (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «عَمَّمَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِعِمَامَةٍ، فَسَدَلَهَا مِنْ بَيْنِ يَدَيَّ وَمِنْ خَلْفِي أَصَابِعَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) басыма сәлде орап, ұшын алдыңғы және артқы жағыма бірнеше елі түсіріп қойды»1.

Түсіндірме

Бұл риуаятта сәлденің бір ұшы кеуде, екіншісі желке тұсына түсірілгені айтылады. Риуаят әлсіз деп бағаланған. Сенімдірек риуаяттарда сәлденің ұшы кеуде тұсына емес, екі иықтың арасына түсірілгені баяндалады. Ибн Омар, Нафиғ, Сәлим және Қасымның да сәлдесін солай орағаны жеткізілген. Сондықтан көпшілік ғалым сәлденің ұшын алға емес, артқа түсіреді деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Либас», 24-тарау, № 4079.