وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي الْإِزَارِ فَهُوَ فِي الْقَمِيصِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла елшісінің (с.а.с.) изар жайында айтқаны қамиске де қатысты»1.
Түсіндірме
Изардың ұзындығына қатысты айтылған үкім қамиске де жүреді. Басқа хадисте: «Изарға да, қамиске де, сәлдеге де исбал қатысты. Кім соларды тәкаппарлықпен жерге сүйретсе, Қиямет күні Алла оған қарамайды», – делінген. «Исбал» – киімді шамадан тыс төмен түсіру.
- 1Әбу Дәуіт, «Либас», 30-тарау, № 4095.