وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ لِبْسَتَيْنِ: عَنِ اشْتِمَالِ الصَّمَّاءِ، وَهُوَ أَنْ يَجْعَلَ ثَوْبَهُ عَلَى عَاتِقِهِ فَيَبْدُوَ أَحَدُ شِقَّيْهِ، لَيْسَ عَلَيْهِ ثَوْبٌ آخَرُ، وَأَنْ يَشْتَمِلَ عَلَى يَدَيْهِ فِي الصَّلَاةِ. وَاللِّبْسَةُ الْأُخْرَى احْتِبَاؤُهُ بِثَوْبِهِ وَهُوَ جَالِسٌ لَيْسَ عَلَى فَرْجِهِ مِنْهُ شَيْءٌ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) киінудің екі түріне тыйым салды. Біріншісі – тас-түйін орану. Бұл – үстінде басқа киімі жоқ адамның жамылғысын бір иығына асырып, денесінің бір жағын ашық қалдыруы немесе намазда екі қолын жамылғының ішінде тұмшалап алуы. Екіншісі – отырған кісінің тізесін киімімен орап, әуретін ашық қалдыруы»1.
Түсіндірме
Тізені құшақтап отыру мен тас-түйін орану алдыңғы екі хадистің түсіндірмесінде баяндалды.
- 1Бұхари, «Либас», 20–21-тараулар, «Буюғ», 62–63-тараулар, «Салат», 10-тарау, «Мауақит», 30–31-тараулар, «Саум», 67-тарау. Мүслим, «Буюғ», № 1511. Мәлік, «Муатта», «Буюғ», 76-тарау (2-том, 666-бет). Әбу Дәуіт, «Либас», 25-тарау, № 4080. Тирмизи, «Либас», 24-тарау, № 1758. Нәсәи, «Буюғ», 23, 25-тараулар (7-том, 259–260-беттер).