Хадис

Әйел киімі

Кутуб ситтә, 11-том, 842-тарау · 5 хадис · № 5247–5251

КИІМ-КЕШЕК

Хадистер

5247
Кутуб ситтә, № 5247 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «لَمَّا نَزَلَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِنْ جَلَابِيبِهِنَّ﴾، خَرَجَ نِسَاءُ الْأَنْصَارِ كَأَنَّ عَلَى رُؤُوسِهِنَّ الْغِرْبَانَ مِنَ الْأَكْسِيَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) былай дейді: «Алла Тағаланың “Сырт киімдерін үстілеріне түсірсін” деген аяты түскенде1, ансар әйелдері жамылғы жамылып шыққанда, бастарына қарға қонғандай көрінді»2.

Түсіндірме

Бастарына жамылған қара матадан ансар әйелдері қарға қонғандай көрінген.

  1. 1«Ахзаб» сүресі, 59-аят.
  2. 2Әбу Дәуіт, «Либас», 32-тарау, № 4101.
5248
Кутуб ситтә, № 5248 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «دَخَلَتْ أَسْمَاءُ بِنْتُ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَعَلَيْهَا ثِيَابٌ رِقَاقٌ، فَأَعْرَضَ عَنْهَا وَقَالَ: يَا أَسْمَاءُ، إِنَّ الْمَرْأَةَ إِذَا بَلَغَتِ الْمَحِيضَ لَمْ يَصْلُحْ أَنْ يُرَى مِنْهَا إِلَّا هَذَا وَهَذَا، وَأَشَارَ إِلَى وَجْهِهِ وَكَفَّيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) жұқа киім киіп, Алла елшісінің (с.а.с.) алдына кірді. Алла елшісі (с.а.с.) одан жүзін бұрып: “Уа, Әсма, әйел етеккір келетін жасқа жеткенде, мынасы мен мынасынан басқа жерінің көрінгені жөн емес”, – деп, жүзі мен екі қолының басын көрсетті»1.

Түсіндірме

Бұл хадис балиғатқа толған бөтен әйелдің жүзі мен қолына қарауға рұқсат екеніне дәлел ретінде келтіріледі. Құрандағы «Сондай-ақ еріксіз көрінетін жерлерінен тыс, әшекейлері мен сымбат-көріктерін көрсетпесін»2 деген аят та осы мағынаны қуаттайды. Имам Шафиғи бүлікке себеп болуы мүмкін деп, бөтен әйелдің жүзіне қарауды харам санаған. Ибн Аббастан жеткен риуаятта аяттағы өздігінен көрінетін жерлер деп әйелдің жүзі мен қолы меңзелгені айтылады. Одан жеткен тағы бір риуаятта бұл түсіндірмені Алла Елшісінің (с.а.с.) өзі айтқаны баяндалады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Либас», 34-тарау, № 4104. Әбу Дәуіт бұл риуаятты мүрсәл деп көрсетеді. Халид ибн Дурайк Айшамен кездеспеген.
  2. 2«Нұр» сүресі, 31-аят.
5249
Кутуб ситтә, № 5249 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ دِحْيَةَ الْكَلْبِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِقَبَاطِيَّ، فَأَعْطَانِي مِنْهَا قُبْطِيَّةً، فَقَالَ: “اصْدَعْهَا صَدْعَيْنِ، فَاقْطَعْ أَحَدَهُمَا قَمِيصًا، وَأَعْطِ الْآخَرَ امْرَأَتَكَ تَخْتَمِرُ بِهِ”. فَلَمَّا أَدْبَرَ قَالَ: “وَأْمُرِ امْرَأَتَكَ أَنْ تَجْعَلَ تَحْتَهُ ثَوْبًا لَا يَصِفُهَا”». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الْقَبَاطِيُّ» ثِيَابٌ رِقَاقٌ بِيضٌ بِمِصْرَ، وَاحِدَتُهَا قُبْطِيَّةٌ بِضَمِّ الْقَافِ، وَأَمَّا بِكَسْرِ الْقَافِ فَمَنْسُوبٌ إِلَى الْقِبْطِ، الْجِيلِ الْمَعْرُوفِ. وَ«الصَّدْعُ» الشَّقُّ، أَيْ: شُقَّهَا نِصْفَيْنِ، وَكُلُّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا صِدْعٌ بِكَسْرِ الصَّادِ، وَأَمَّا بِالْفَتْحِ فَهُوَ الْمَصْدَرُ.

Қазақша аудармасы

Дихия әл-Кәлби (р.а.) айтады: «Алла елшісіне (с.а.с.) қубати маталар әкелінді. Ол маған солардың бірін беріп: “Мұны екіге бөл. Бір бөлігінен өзіңе көйлек піш, екіншісін әйеліңе бер, басына орамал етіп тартсын”, – деді. Мен бұрылып бара жатқанымда: “Әйеліңе айт, дене бітімі білінбес үшін, оның астынан тағы бір киім кисін”, – деді»1.

Түсіндірме

«Қубати» сөзі Мысырдың байырғы халқының атауы «қыбти» сөзінен шыққан. Қубати – Мысырда тоқылып, басқа елдерге сатылған ақ түсті жұқа мата. Жұқалығынан дененің түсі мен бітімі білініп қалатындықтан, Алла Елшісі (с.а.с.) оның астынан тағы бір мата киюді тапсырған. Дінімізде денені ашық көрсететін жұқа немесе оның бітімін айқындап тұратын тар киімге тыйым салынған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Киім», № 4116.
5250
Кутуб ситтә, № 5250 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَتْ أُمُّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا لَا تَضَعُ جِلْبَابَهَا عَنْهَا وَهِيَ فِي الْبَيْتِ طَلَبًا لِلْفَضْلِ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Үммі Сәләма (р.а.) сауаптан үміт етіп, үйінде де сырт жамылғысын шешпейтін»1.

  1. 1Рәзин жеткізген.
5251
Кутуб ситтә, № 5251 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ مَالِكٍ أَنَّهُ بَلَغَهُ «أَنَّ أَمَةً كَانَتْ لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ، رَآهَا عُمَرُ وَقَدْ تَهَيَّأَتْ بِهَيْئَةِ الْحَرَائِرِ، فَأَنْكَرَ ذَلِكَ عَلَيْهَا». وَفِي الْمُوَطَّإِ: «فَدَخَلَ عَلَى ابْنَتِهِ حَفْصَةَ فَقَالَ: “أَلَمْ أَرَ جَارِيَةَ أَخِيكِ تَجُوسُ النَّاسَ وَقَدْ تَهَيَّأَتْ بِهَيْئَةِ الْحَرَائِرِ؟” وَأَنْكَرَ عُمَرُ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Имам Мәликке жеткен риуаят бойынша, Абдулла ибн Омардың бір күңі болған. Омар оның азат әйелдерше киінгенін көріп, бұл ісін құптамаған. «Муаттадағы» нұсқада Омар қызы Хафсаға: «Бауырыңның күңін көрдім ғой. Азат әйелдерше киініп, жұрттың арасына шығып жүр емес пе?», – деп наразылық білдірген1.

Түсіндірме

Киім кейде адамның қоғамдағы орнын аңғартқан. Ислам дінінде ер мен әйелдің өзіне лайық киінуі көзделеді. Ер адамға әйелдің, әйелге ер адамның киімін кию құпталмайды. Сол дәуірде азат адамдар мен құлдардың киімі де ажыратылған. Омар (р.а.) осы айырманы сақтауды жөн санаған.

  1. 1Мәлик, «Муатта», «Рұқсат сұрау», 44-риуаят, 2-том, 981-бет.