وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «دَخَلَتْ أَسْمَاءُ بِنْتُ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَعَلَيْهَا ثِيَابٌ رِقَاقٌ، فَأَعْرَضَ عَنْهَا وَقَالَ: يَا أَسْمَاءُ، إِنَّ الْمَرْأَةَ إِذَا بَلَغَتِ الْمَحِيضَ لَمْ يَصْلُحْ أَنْ يُرَى مِنْهَا إِلَّا هَذَا وَهَذَا، وَأَشَارَ إِلَى وَجْهِهِ وَكَفَّيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Айша (р.а.) былай дейді: «Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) жұқа киім киіп, Алла елшісінің (с.а.с.) алдына кірді. Алла елшісі (с.а.с.) одан жүзін бұрып: “Уа, Әсма, әйел етеккір келетін жасқа жеткенде, мынасы мен мынасынан басқа жерінің көрінгені жөн емес”, – деп, жүзі мен екі қолының басын көрсетті»1.
Түсіндірме
Бұл хадис балиғатқа толған бөтен әйелдің жүзі мен қолына қарауға рұқсат екеніне дәлел ретінде келтіріледі. Құрандағы «Сондай-ақ еріксіз көрінетін жерлерінен тыс, әшекейлері мен сымбат-көріктерін көрсетпесін»2 деген аят та осы мағынаны қуаттайды. Имам Шафиғи бүлікке себеп болуы мүмкін деп, бөтен әйелдің жүзіне қарауды харам санаған. Ибн Аббастан жеткен риуаятта аяттағы өздігінен көрінетін жерлер деп әйелдің жүзі мен қолы меңзелгені айтылады. Одан жеткен тағы бір риуаятта бұл түсіндірмені Алла Елшісінің (с.а.с.) өзі айтқаны баяндалады.