وَعَنْ مُحَمَّدِ بْنِ يَحْيَى بْنِ حِبَّانَ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “مَا عَلَى أَحَدِكُمْ إِنْ وَجَدَ سَعَةً أَنْ يَتَّخِذَ ثَوْبَيْنِ لِيَوْمِ الْجُمُعَةِ غَيْرَ ثَوْبَيْ مِهْنَتِهِ”». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الْمِهْنَةُ» الْخِدْمَةُ وَمُعَانَاةُ الْأَشْغَالِ.
Мұхаммед ибн Яхия ибн Хиббан жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қайсыбіріңнің жағдайы келсе, жұмыс киімінен бөлек, жұма күніне арнап екі киім ұстауының айыбы жоқ”, – деді»1.
Түсіндірме
Әбу Дәуіттегі риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл сөзді құтба үстінде айтқаны баяндалады. Жұма намазына арнап таза киім кию – жұмаға деген құрметтің белгісі. Жұмыс киіміне сіңген жағымсыз иістен де осылай сақтануға болады.
Хадис жұма күні таза әрі жарасымды киім киюді, тіпті осы күнге бөлек киім арнауды мұстахаб амал деп тануға негіз болады.
- 1Әбу Дәуіт, «Намаз», № 1078. Ибн Мәжа, «Намазды өтеу», № 1095.