وَعَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «وَضَّأْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ مِنْ صُوفٍ شَامِيَّةٌ ضَيِّقَةُ الْكُمَّيْنِ، فَذَهَبَ يُخْرِجُ يَدَهُ مِنْهَا فَضَاقَتْ عَلَيْهِ، فَأَخْرَجَهَا مِنْ تَحْتِ بَدَنِهِ فَغَسَلَهُمَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Мұғира ибн Шуғба (р.а.) айтады: «Алла елшісіне (с.а.с.) дәрет алуға су құйып тұрдым. Үстінде Шамнан әкелінген, жеңі тар жүн шапан бар еді. Қолын жеңінен шығармақ болды, бірақ жеңі тарлық етті. Сөйтіп қолдарын шапанның астынан шығарып жуды»1.
Түсіндірме
Алла Елшісі (с.а.с.) Шамнан әкелінген бұл шапанды Тәбук жорығында киген. Кей риуаятта шапан Римдікі деп сипатталған. Түсіндірмеде мұсылман еместен сатып алынған киімде нәжіс ізі байқалмаса, таза саналатыны айтылады.
- 1Тирмизи, «Киім», №1768–1769. Осы мазмұндағы толық риуаят: Мүслим, «Тазалық», №274.