Хадис

Кутуб ситтә, № 754

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
85. «Сәбә» сүресі
Нөмірі
№ 754 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
754
Кутуб ситтә, № 754 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنَّ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ قَالَ: إِذَا قَضَى اللَّهُ تَعَالَى الْأَمْرَ فِي السَّمَاءِ ضَرَبَتِ الْمَلَائِكَةُ عَلَيْهِمُ السَّلَامُ بِأَجْنِحَتِهَا خُضْعَانًا لِقَوْلِهِ كَأَنَّهُ سِلْسِلَةٌ عَلَى صَفْوَانٍ فَإِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ؟ قَالُوا لِلَّذِى قَالَ الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ فَيَسْمَعُهَا مُسْتَرِقُ السَّمْعِ، وَمُسْتَرِقُوا السَّمْعِ هَكَذَا بَعْضُهُ فَوْقَ بَعْضٍ، وَوَصَفَ سُفْيَانُ بِكَفِّهِ فَحَرَفَهَا وَبَدَّدَ بَيْنَ أَصَابِعِهِ فَيَسْمَعُ الْكَلِمَةَ فَيُلْقِيهَا إِلَى مَنْ تَحْتَهُ حَتَّى يُلْقِيهَا عَلَى لِسَانِ السَّاحِرِ أَوِ الْكَاهِنِ فَرُبَّمَا أَدْرَكَهُ الشِّهَابُ قَبْلَ أَنْ يُلْقِيَهَا، وَرُبَّمَا أَلْقَاهَا قَبْلَ أَنْ يُدْرِكَهُ. فَيَكْذِبُ مَعَهَا مِائَةَ كَذْبَةٍ. فَيُقَالَ أَلَيْسَ قَدْ قَالَ لَنَا يَوْمَ كَذَا وَكَذَا وَكَذَا وَكَذَا؟ فَيُصَدَّقُ بِتِلْكَ الْكَلِمَةِ الَّتِى سُمِعَتْ مِنَ السَّمَاءِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Алла Тағала көкте бір істі әмір еткенде, періштелер Оның сөзіне мойынсұнып, қанат қағады. Естілген үн тегіс тасқа сүйретілген шынжырдың дыбысына ұқсайды. Жүректерінен үрей сейілгенде, олар: “Раббыларың не деді?” – деп сұрайды. Басқалары: “Ақиқатты айтты. Ол – бәрінен биік әрі ұлы”, – деп жауап береді. Жасырын тыңдаушылар осы хабарды естиді. Олар бірінің үстіне бірі тізіліп тұрады. Суфиян ибн Уйәйна мұны саусақтарын ашып, бірінің үстіне бірін қойып көрсетті. Жоғарыдағысы естігенін астындағысына, ол да өзінен төмендегісіне жеткізеді. Сөз осылайша сиқыршының не балгердің тіліне түседі. Кейде хабарды жеткізіп үлгермей жатып ақпа жұлдыз соғады, кейде өзіне тимей тұрып естігенін жеткізіп үлгереді. Балгер соған жүз өтірік қосады.

Іс шынымен орындалғанда, жұрт: “Пәлен күні бізге осылай болады деп айтпап па еді?” – дейді. Сөйтіп, балгердің сөзі көктен жасырын естілген сол бір хабардың арқасында расқа шығады».1

Түсіндірме

Бұл риуаят ел аузында «жұлдыз ақты» деп аталатын құбылыс жайлы аяттарды түсіндіреді.

«Жұлдыз ағу» құбылысы ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген. Жалпы түсініктеме бойынша, әуедегі жұлдыздардан бөлшектенген ұсақ денелерді метеор дейді, олар аспан кеңістігінде беталды ұшып жүреді. Уақыт өте келе олардың бір бөлігіне жердің тартылыс күші ықпал етіп, үлкен жылдамдықпен жер атмосферасына енеді де, ауа қабаттарындағы үйкеліс күшінің әсерімен жанады. Үлкендері жанып таусылмай жатып жерге дейін жетеді. Осы метеор тастары кей-кейде жер бетіне құлап, орасан зор шұңқырлар пайда болған. Осы ғылыми анықтама Құрандағы «шиһабус-сақиб»2 (жарқыраған ақпа жұлдыз) тіркесімен үйлеседі.

Жоғарыдағы риуаят, негізінде, «Сәбә» сүресінің 23-аятын түсіндіретіндіктен, осы бөлімге қойылды. Ол аят былай: ﴿وَلَا تَنفَعُ ٱلشَّفَٰعَةُ عِندَهُۥٓ إِلَّا لِمَنْ أَذِنَ لَهُۥ حَتَّىٰٓ إِذَا فُزِّعَ عَن قُلُوبِهِمْ قَالُوا۟ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ قَالُوا۟ ٱلْحَقَّ وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ ٱلْكَبِيرُ﴾ «Алланың құзырында Өзі рұқсат еткен адамнан басқасының шапағаты түк те пайда бермейді! Ақырында жүректері үрейден арылып, көңілдері жай тапқанда: “Раббыларың не айтты?!” – деп сұрайды. Сонда олар: “Ақиқатты айтты!” – деп жауап береді. Ол – Али (бәрінен асқақ, ең ұлы), Кәбир (бәрінен жоғары)»3.

Бұл риуаят сондай-ақ мына аятты да түсіндіреді: ﴿وَلَقَدْ جَعَلْنَا فِى ٱلسَّمَآءِ بُرُوجًا وَزَيَّنَّٰهَا لِلنَّٰظِرِينَ ۝ وَحَفِظْنَٰهَا مِن كُلِّ شَيْطَٰنٍ رَّجِيمٍ ۝ إِلَّا مَنِ ٱسْتَرَقَ ٱلسَّمْعَ فَأَتْبَعَهُۥ شِهَابٌ مُّبِينٌ﴾ «Біз көкте шоқ жұлдыздарды жараттық һәм тамсанып қарайтын-дар үшін көкті безендіріп қорғадық. Һәм оны қуылған барлық шайтандардан қорыдық. Ал әлдекім ұрланып тың тыңдайтын болса, жарқыраған жұлдыз оның соңына түседі де»4.

Осы аятпен мазмұндас мына аят та аталмыш риуаят тарапынан түсіндірілген: ﴿إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنْيَا بِزِينَةٍ ٱلْكَوَاكِبِ ۝ وَحِفْظًا مِّن كُلِّ شَيْطَٰنٍ مَّارِدٍ ۝ لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلْمَلَإِ ٱلْأَعْلَىٰ وَيُقْذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ ۝ دُحُورًا وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ ۝ إِلَّا مَنْ خَطِفَ ٱلْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُۥ شِهَابٌ ثَاقِبٌ﴾ «Расында, Біз жерге ең жақын аспанды жарқырап, жымыңдаған жұлдыздармен безендірдік. Оны әрбір қиқар, асы шайтаннан қорғадық. Жоғарыдағы ұлық періштелерге ұрланып келіп, тың тыңдай алмайды, жан-жақтан аяусыз атқыланады. Сөйтіп, олар аяусыз қуылады, әрі олар үшін бітпейтін азап бар. Тек араларынан біреуі бір амалын тауып, құлағы шалып қалған бір сөзді ала қашса, оның да соңына бірден күйдіріп тесіп өтетін жарық жұлдыз түседі»5.

  1. 1Бұхари, «Тәпсір», «Сәбә», 1, «Хижр», 1. Тирмизи, «Тәпсір», «Сәбә» (№3223, Ибраһим Жанан нөмірлеуінде №3221).
  2. 2«Саффат» сүресі, 10-аят.
  3. 3«Сәбә» сүресі, 23-аят.
  4. 4«Хижр» сүресі, 16-18-аяттар
  5. 5«Саффат» сүресі, 6-10-аяттар