Хадис

Кутуб ситтә, № 5284

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
851. Қара түс
Нөмірі
№ 5284 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5284
Кутуб ситтә, № 5284 · тараудағы реті: 1

عَنْ أُمِّ خَالِدٍ بِنْتِ خَالِدِ بْنِ سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَتْ: «أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِثِيَابٍ فِيهَا خَمِيصَةٌ سَوْدَاءُ، فَقَالَ: “مَنْ تَرَوْنَ أَكْسُو هَذِهِ؟” فَسَكَتُوا. فَقَالَ: “ائْتُونِي بِأُمِّ خَالِدٍ”. فَأُتِيَ بِي، فَأَلْبَسَنِيهَا بِيَدِهِ، وَقَالَ: “أَبْلِي وَأَخْلِقِي” مَرَّتَيْنِ. وَجَعَلَ يَنْظُرُ إِلَى عَلَمِ الْخَمِيصَةِ وَيُشِيرُ بِيَدِهِ إِلَيَّ وَيَقُولُ: “يَا أُمَّ خَالِدٍ هَذَا سَنَا، يَا أُمَّ خَالِدٍ هَذَا سَنَا”. وَالسَّنَا بِلِسَانِ الْحَبَشَةِ الْحَسَنُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ. «أَخْلِقِي» بِالْفَاءِ وَالْقَافِ. وَ«الْخَمِيصَةُ» كِسَاءٌ أَسْوَدُ لَهُ عَلَمٌ، فَإِنْ لَمْ يَكُنْ لَهُ عَلَمٌ فَلَيْسَ بِخَمِيصَةٍ.

Қазақша аудармасы

Үммі Халид бинт Халид ибн Сағид ибн әл-Ас (р.а.) айтады: «Алла елшісіне (с.а.с.) киімдер әкелінді. Арасында өрнекті қара жамылғы бар еді.

Ол: “Қалай ойлайсыңдар, мынаны кімге кигізейін?” – деп сұрады. Жұрт үндемеді. Сонда ол: “Үммі Халидті шақырыңдар”, – деді.

Мені Алла елшісінің (с.а.с.) алдына әкелді. Ол жамылғыны өз қолымен кигізді.

“Үстіңде тозсын! Үстіңде тозсын!” – деп екі рет айтты. Сосын жамылғының өрнегіне қарап, қолымен маған ишара етті.

“Уа, Үммі Халид, мынау – сана! Уа, Үммі Халид, мынау – сана!” – деді. Хабаш тілінде “сана” деген сөз “әдемі” дегенді білдіреді»1.

Түсіндірме

1. Хамиса – жүннен немесе жібек жіптен тоқылған, өрнегі бар қара жамылғы. Мұндай жамылғы өрнегімен ерекшеленеді. Хадис қара матадан киім тігуге рұқсат екенін көрсетеді. Алла Елшісінен (с.а.с.) қара киімге рұқсат білдіретін басқа риуаяттар да жеткен.

2. Хадис жаңа киім киген адамға қалай тілек айтуға болатынын да көрсетеді. «أَبْلِي وَأَخْلِقِي» деген тіркес «үстіңде тозсын» дегенді білдіреді. Бұл – «Киімің тозғанша аман-есен жүр» деген тілек.

  1. 1Бұхари, «Киім», №5823, 5845, «Ансарлардың артықшылықтары», 37-тарау, «Әдеп», 17-тарау. Әбу Дәуіт, «Киім», №4024.