Хадис

Жібек мата. Жібек киімге қатысты тыйым

Кутуб ситтә, 11-том, 852-тарау · 7 хадис · № 5285–5291

КИІМ-КЕШЕК

Хадистер

5285
Кутуб ситтә, № 5285 · тараудағы реті: 1

عَنْ أَبِي عُثْمَانَ النَّهْدِيِّ قَالَ: «كَتَبَ إِلَيْنَا عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَنَحْنُ بِأَذْرَبِيجَانَ مَعَ عُتْبَةَ بْنِ فَرْقَدٍ، فَقَالَ: يَا عُتْبَةُ، إِنَّهُ لَيْسَ مِنْ كَدِّكَ وَلَا كَدِّ أَبِيكَ وَلَا كَدِّ أُمِّكَ، فَأَشْبِعِ الْمُسْلِمِينَ فِي رِحَالِهِمْ مِمَّا تَشْبَعُ مِنْهُ فِي رَحْلِكَ، وَإِيَّاكُمْ وَالتَّنَعُّمَ، وَزِيَّ أَهْلِ الشِّرْكِ، وَلَبُوسَ الْحَرِيرِ، فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ نَهَى عَنْ لَبُوسِ الْحَرِيرِ إِلَّا هَكَذَا، وَرَفَعَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْوُسْطَى وَالسَّبَّابَةَ وَضَمَّهُمَا». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Осман ән-Нәһди айтады: «Утба ибн Фарқадпен бірге Әзербайжанда жүргенімізде, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) бізге былай деп жазды: “Уа, Утба, бұл мал-мүлік сенің де, әкеңнің де, анаңның да еңбегімен келген жоқ. Өзің өз үйіңде тойып жейтін астан мұсылмандарға да өз үйлерінде тойғанша бер. Сән-салтанатқа берілуден, мүшріктерше киінуден және жібек киюден сақтаныңдар. Алла елшісі (с.а.с.) мынадай мөлшерден артық жібек киюге тыйым салған. Алла елшісі (с.а.с.) ортаңғы саусағы мен сұқ саусағын көтеріп, екеуін қатар қосып көрсетті”»1.

Түсіндірме

Хадисте рұқсат етілген жібек жолақтың ені сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты қатар қосқандағы мөлшермен көрсетілген. Жібек киімнің үкіміне осы тараудың соңында кеңірек тоқталамыз.

  1. 1Бұхари, «Киім», № 5829, қысқа нұсқа. Мүслим, «Киім және сән», № 2069. Әбу Дәуіт, «Киім», № 4042. Нәсәи, «Сән», 93-тарау, 8-том, 202-бет. Ибн Мәжа, «Киім», № 3593.
5286
Кутуб ситтә, № 5286 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әли (р.а.)

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَرِيرًا فَجَعَلَهُ فِي يَمِينِهِ، وَذَهَبًا فَجَعَلَهُ فِي شِمَالِهِ، فَقَالَ: “إِنَّ هَذَيْنِ حَرَامٌ عَلَى ذُكُورِ أُمَّتِي”». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ. وَفِي أُخْرَى لِلتِّرْمِذِيِّ وَالنَّسَائِيِّ، عَنْ أَبِي مُوسَى: «حُرِّمَ لِبَاسُ الْحَرِيرِ وَالذَّهَبِ عَلَى ذُكُورِ أُمَّتِي، وَأُحِلَّ لِإِنَاثِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) оң қолына жібек, сол қолына алтын алып: “Мына екеуі үмбетімнің ерлеріне харам”, – деді»1. Тирмизи мен Нәсәиде Әбу Мұсадан жеткен риуаятта «Жібек киім мен алтын үмбетімнің ерлеріне харам, әйелдеріне адал етілді» делінген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Киім», № 4057. Нәсәи, «Сән», 40-тарау, 8-том, 160-бет. Әбу Мұса жеткізген нұсқа: Тирмизи, «Киім», № 1720 және Нәсәи, «Сән», № 5148.
5287
Кутуб ситтә, № 5287 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “إِنَّمَا يَلْبَسُ الْحَرِيرَ فِي الدُّنْيَا مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ فِي الْآخِرَةِ”». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бұл дүниеде жібекті ақыретте нәсібі жоқтар киеді”, – деді»1.

  1. 1Бұхари, «Киім», 25-тарау. Мүслим, «Киім және сән», № 2068. Нәсәи, «Сән», 91-тарау, 8-том, 201-бет.
5288
Кутуб ситтә, № 5288 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “مَنْ لَبِسَ الْحَرِيرَ فِي الدُّنْيَا لَمْ يَلْبَسْهُ فِي الْآخِرَةِ”». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ، وَأَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ مِنْ حَدِيثِ أَنَسٍ.

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бұл дүниеде жібек киген адам ақыретте оны кимейді”, – деді»1.

  1. 1Мүслим, «Киім және сән», № 2074, Әбу Умамадан. Бұхари, «Киім», № 5832 және Нәсәи, «Сән», 91-тарау, 8-том, 200-бет, Әнәстен жеткен нұсқа.
5289
Кутуб ситтә, № 5289 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «رَأَى عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حُلَّةً مِنْ إِسْتَبْرَقٍ تُبَاعُ فَأَتَى بِهَا النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، ابْتَعْ هَذِهِ فَتَجَمَّلْ بِهَا لِلْعِيدِ وَالْوُفُودِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “إِنَّمَا هَذِهِ لِبَاسُ مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ”. ثُمَّ لَبِثَ عُمَرُ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَلْبَثَ، فَأَرْسَلَ إِلَيْهِ بِجُبَّةِ دِيبَاجٍ. فَأَتَى عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، قُلْتَ: ‘إِنَّمَا هَذِهِ لِبَاسُ مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ’، ثُمَّ أَرْسَلْتَ إِلَيَّ بِهَذِهِ؟” فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “إِنِّي لَمْ أُرْسِلْهَا إِلَيْكَ لِتَلْبَسَهَا، وَلَكِنْ لِتَبِيعَهَا وَتُصِيبَ بِهَا حَاجَتَكَ”». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ. «الْإِسْتَبْرَقُ» مَا غَلُظَ مِنَ الدِّيبَاجِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Әкем Омар (р.а.) сатылып тұрған қалың жібек киімді көріп, оны Алла елшісіне (с.а.с.) әкелді де: “Уа, Алланың елшісі, мынаны сатып алсаңыз, мереке күндері және елшілерді қабылдағанда киер едіңіз”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Бұл – ақыретте нәсібі жоқтардың киімі”, – деді. Біраз уақыт өткен соң, Алла елшісі (с.а.с.) Омарға жібек шапан жіберді. Омар келіп: “Уа, Алланың елшісі, ‘Бұл – ақыретте нәсібі жоқтардың киімі’ деген едіңіз. Енді маған осындай киім жіберіпсіз”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Мен оны саған кисін деп жіберген жоқпын. Сатып, ақшасын қажетіңе жаратсын дедім”, – деп жауап берді»1.

  1. 1Бұхари, «Киім», 30-тарау, «Жұма», 7-тарау, «Екі айт», 1-тарау, «Сауда», 40-тарау, «Сыйлық», 27 және 29-тараулар, «Жиһад», 177-тарау, «Әдеп», 9 және 66-тараулар. Мүслим, «Киім және сән», № 2068. Мәлик, «Муатта», «Киім», 18-тарау, 2-том, 917–918-беттер. Әбу Дәуіт, «Киім», № 4040–4041. Нәсәи, «Сән», 84, 86 және 87-тараулар, 8-том, 196–198-беттер.
5290
Кутуб ситтә, № 5290 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әли (р.а.)

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَسَانِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حُلَّةً سِيَرَاءَ فَخَرَجْتُ بِهَا، فَرَأَيْتُ الْغَضَبَ فِي وَجْهِهِ فَأَطَرْتُهَا خُمُرًا بَيْنَ نِسَائِي». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) маған сияра матасынан тігілген киім берді. Оны киіп шыққанымда, оның жүзінен ашу байқадым. Сосын матаны бөліп, үйімдегі әйелдерге орамал етіп бердім»1.

  1. 1Бұхари, «Киім», 30-тарау, «Сыйлық», 27-тарау, «Нәпақа», 11-тарау. Мүслим, «Киім және сән», № 2071. Әбу Дәуіт, «Киім», № 4043. Нәсәи, «Сән», 85-тарау, 8-том, 197-бет.
5291
Кутуб ситтә, № 5291 · тараудағы реті: 7

وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ: «أَنَّ أُكَيْدِرَ دُومَةِ الْجَنْدَلِ أَهْدَى إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ثَوْبَ حَرِيرٍ فَأَعْطَاهُ عَلِيًّا وَقَالَ: “شَقِّقْهُ خُمُرًا بَيْنَ الْفَوَاطِمِ”». وَ«الْفَوَاطِمُ» جَمْعُ فَاطِمَةَ، وَهُنَّ: فَاطِمَةُ الزَّهْرَاءُ بِنْتُ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَفَاطِمَةُ بِنْتُ أَسَدٍ أُمُّ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ، وَفَاطِمَةُ بِنْتُ حَمْزَةَ. وَقِيلَ الثَّالِثَةُ فَاطِمَةُ بِنْتُ عُتْبَةَ بْنِ رَبِيعَةَ، وَكَانَتْ قَدْ هَاجَرَتْ. «الْحُلَّةُ السِّيَرَاءُ» الْمُخَطَّطَةُ بِالْإِبْرَيْسَمِ وَالْقَزِّ. وَ«أَطَرْتُهَا» شَقَقْتُهَا وَقَسَمْتُهَا بَيْنَهُنَّ.

Қазақша аудармасы

Мүслімдегі басқа риуаятта былай делінген: «Думат әл-Жандалдық Укайдир Алла елшісіне (с.а.с.) жібек киім сыйлады. Алла елшісі (с.а.с.) оны Әлиге (р.а.) беріп: “Мұны орамал етіп қиып, Фатималарға үлестір”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Хадистегі «фауатым» сөзі – «Фатима» есімінің көпше түрі. Мұнда осы есімді иеленген үш әйел меңзеледі.

1) Фатима әз-Заһра – Алла Елшісінің (с.а.с.) қызы, Әлидің (р.а.) жары.

2) Фатима бинт Әсад – Әлидің (р.а.) анасы.

3) Фатима бинт Хамза ибн Абдулмұтталиб. Үшіншісі һижретке қатысқан Фатима бинт Утба ибн Рабиға болған деген пікір де бар.

2. Бұл хадистер жібек киімнің ерлерге харам, әйелдерге адал екенін баяндайды. Ерлер киімінің жағасына, жиегіне, жамауына немесе өрнегіне белгілі мөлшерден асырмай жібек қолдануға рұқсат етілген. Кей жағдайларда ерлерге жібек киімнің өзін киюге де рұқсат берілген. Бұл жайында №5295 хадистен кейін кеңірек айтылады.

  1. 1Мүслим, «Киім және сән», № 2071.