Хадис

Кутуб ситтә, № 5291

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
852. Жібек мата. Жібек киімге қатысты тыйым
Нөмірі
№ 5291 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
5291
Кутуб ситтә, № 5291 · тараудағы реті: 7

وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ: «أَنَّ أُكَيْدِرَ دُومَةِ الْجَنْدَلِ أَهْدَى إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ثَوْبَ حَرِيرٍ فَأَعْطَاهُ عَلِيًّا وَقَالَ: “شَقِّقْهُ خُمُرًا بَيْنَ الْفَوَاطِمِ”». وَ«الْفَوَاطِمُ» جَمْعُ فَاطِمَةَ، وَهُنَّ: فَاطِمَةُ الزَّهْرَاءُ بِنْتُ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَفَاطِمَةُ بِنْتُ أَسَدٍ أُمُّ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ، وَفَاطِمَةُ بِنْتُ حَمْزَةَ. وَقِيلَ الثَّالِثَةُ فَاطِمَةُ بِنْتُ عُتْبَةَ بْنِ رَبِيعَةَ، وَكَانَتْ قَدْ هَاجَرَتْ. «الْحُلَّةُ السِّيَرَاءُ» الْمُخَطَّطَةُ بِالْإِبْرَيْسَمِ وَالْقَزِّ. وَ«أَطَرْتُهَا» شَقَقْتُهَا وَقَسَمْتُهَا بَيْنَهُنَّ.

Қазақша аудармасы

Мүслімдегі басқа риуаятта былай делінген: «Думат әл-Жандалдық Укайдир Алла елшісіне (с.а.с.) жібек киім сыйлады. Алла елшісі (с.а.с.) оны Әлиге (р.а.) беріп: “Мұны орамал етіп қиып, Фатималарға үлестір”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Хадистегі «фауатым» сөзі – «Фатима» есімінің көпше түрі. Мұнда осы есімді иеленген үш әйел меңзеледі.

1) Фатима әз-Заһра – Алла Елшісінің (с.а.с.) қызы, Әлидің (р.а.) жары.

2) Фатима бинт Әсад – Әлидің (р.а.) анасы.

3) Фатима бинт Хамза ибн Абдулмұтталиб. Үшіншісі һижретке қатысқан Фатима бинт Утба ибн Рабиға болған деген пікір де бар.

2. Бұл хадистер жібек киімнің ерлерге харам, әйелдерге адал екенін баяндайды. Ерлер киімінің жағасына, жиегіне, жамауына немесе өрнегіне белгілі мөлшерден асырмай жібек қолдануға рұқсат етілген. Кей жағдайларда ерлерге жібек киімнің өзін киюге де рұқсат берілген. Бұл жайында №5295 хадистен кейін кеңірек айтылады.

  1. 1Мүслим, «Киім және сән», № 2071.