Хадис

Кутуб ситтә, № 5329

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
859. Қияфа арқылы текті анықтау
Нөмірі
№ 5329 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 9
5329
Кутуб ситтә, № 5329 · тараудағы реті: 9

وَعَنْ عَبْدِ الْحَمِيدِ بْنِ جَعْفَرٍ قَالَ: «أَخْبَرَنِي أَبِي عَنْ جَدِّي رَافِعِ بْنِ سِنَانٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ أَسْلَمَ وَأَبَتِ امْرَأَتُهُ أَنْ تُسْلِمَ، وَقَالَتْ: ابْنَتِي، وَهِيَ فَطِيمٌ. وَقَالَ رَافِعٌ: ابْنَتِي. فَقَالَ لَهَا صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اقْعُدِي نَاحِيَةً. وَقَالَ لِرَافِعٍ: اقْعُدْ نَاحِيَةً. وَأَقْعَدَ الصَّبِيَّةَ بَيْنَهُمَا، ثُمَّ قَالَ: ادْعُوَاهَا. فَمَالَتِ الصَّبِيَّةُ إِلَى أُمِّهَا، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اللَّهُمَّ اهْدِهَا. فَمَالَتْ إِلَى أَبِيهَا فَأَخَذَهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ، وَعِنْدَهُ ابْنٌ بَدَلَ الْبِنْتِ.

Қазақша аудармасы

Абдулхамид ибн Жағфар былай дейді: «Әкем атам Рафиғ ибн Синан (р.а.) туралы айтып берді. Рафиғ Исламды қабылдаған, ал жұбайы мұсылман болудан бас тартқан екен. Әйелі Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Қыз менікі. Ол емшектен шыққан”, – деді. Рафиғ та: “Қыз менікі”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) әйелге: “Сен бір жаққа отыр”, – деді. Рафиғқа да: “Сен бір жаққа отыр”, – деді. Қызды екеуінің ортасына отырғызып: “Оны шақырыңдар”, – деді. Қыз анасына қарай бұрылды. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла, оған тура жол көрсет”, – деп дұға етті. Сонда қыз әкесіне қарай бұрылып, Рафиғ оны алып кетті». Нәсәидің нұсқасында қыздың орнына ұл бала аталады1.

Түсіндірме

Хадисте ата-анасы ажырасқан баланың кімнің қолында қалатыны сөз болады. Хаттаби бұл хадисте баланың мұсылман болған ата-анасының қолында қалуы артық көрілгенін айтады. Шафиғи де осы пікірде болған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Талақ», 26-тарау, № 2244. Нәсәи, «Талақ», 52-тарау (6-том, 185-бет).