Хадис

Кутуб ситтә, № 5338

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
861. ОЙЫН-САУЫҚ ТУРАЛЫ БӨЛІМ
Нөмірі
№ 5338 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
5338
Кутуб ситтә, № 5338 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «أَنَّهَا أَرْسَلَتْ إِلَى قَوْمٍ سُكَّانٍ فِي دَارِهَا عِنْدَهُمْ نَرْدٌ: لَئِنْ لَمْ تُخْرِجُوهَا لَأُخْرِجَنَّكُمْ مِنْ دَارِي، وَأَنْكَرَتْ ذَلِكَ عَلَيْهِمْ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) өзі тұрған қоныстағы бір үйде таула барын естігенде: «Тауланы үйлеріңнен шығармасаңдар, сендерді бұл қоныстан шығарамын», – деп хабар жіберген. Сөйтіп, таула ұстауды құп көрмеген1.

Түсіндірме

1. Хадистегі «дар» сөзінің негізгі мағынасы – «үй». Арабтар оны ағайын-туыс шоғырланып, жапсарлас үй салған қонысқа да қолданған. Бұл жерде сөз сол мағынада тұр.

2. Имам Мәлик Айшаның (р.а.) осы қатаң ескертуін таулаға тыйым салынғанына дәлел еткен.

  1. 1Мәлик, «Муатта», «Руя», 6-тарау (2-том, 958-бет).