وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ لِرِجَالٍ مِنَّا فُضُولُ أَرَضِينَ، فَقَالُوا: نُؤَاجِرُهَا بِالثُّلُثِ أَوِ الرُّبُعِ أَوِ النِّصْفِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ كَانَتْ لَهُ أَرْضٌ فَلْيَزْرَعْهَا أَوْ لِيَمْنَحْهَا أَخَاهُ، وَلَا يُؤَاجِرْهَا إِيَّاهُ وَلَا يُكْرِهَا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Жәбир (р.а.) былай дейді: «Арамызда қажетінен артық жері бар адамдар болды. Олар: “Жерді өнімінің үштен бірі, төрттен бірі не жартысы үшін жалға берейік”, – десті. Алла елшісі (с.а.с.): “Кімнің жері бар болса, өзі ексін немесе бауырына өтеусіз берсін. Ақыға бермесін, жалға да бермесін”, – деді».1
- 1Бұхари, «Музараға», 18, «Һиба», 35. Мүслим, «Сауда», 92 (1536). Нәсәи, «Музараға», 45 (7/36, 38).