Хадис

Кутуб ситтә, № 5448

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
876. Мәйітті шығарып салу және табыт көтеру
Нөмірі
№ 5448 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5448
Кутуб ситтә, № 5448 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا تَتَّبِعُوا الْجَنَازَةَ بِصَوْتٍ وَلَا نَارٍ». زَادَ فِي رِوَايَةٍ: «وَلَا تَمْشُوا بَيْنَ يَدَيْهَا». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) тағы былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Дауыс салып жоқтау айтып та, от жағып та жаназаға ермеңдер”, – деді».

Бір риуаятта: «Табыттың алдында жүрмеңдер», – деген қосымша бар.1

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Жанаиз», 13 (1/226). Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 46 (3171).