Хадис

Кутуб ситтә, № 5454

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
876. Мәйітті шығарып салу және табыт көтеру
Нөмірі
№ 5454 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
5454
Кутуб ситтә, № 5454 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

وَعَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اتَّبَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ جَنَازَةَ أَبِي الدَّحْدَاحِ مَاشِيًا، وَرَجَعَ عَلَى فَرَسٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Дахдахтың жаназасына жаяу еріп, қайтарында атпен келді».1

Түсіндірме

Ғалымдар әртүрлі риуаятты ескере отырып, жаназаға көлік мініп еруді мәкруһ санаған. Марқұмды жерлеген соң, қайтар жолда көлік мінуге рұқсат берген. Қазір қорымдар елді мекеннен алыс орналасатындықтан, көлік пайдалануға тура келеді. Тіпті мәйітті де көлікпен шығарып саламыз. Дініміз жеңілдікті көздейтіндіктен, жағдайға қарай әрекет еткен жөн.

  1. 1Мүслим, «Жанаиз», 89 (965). Тирмизи, «Жанаиз», 29 (1014). Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 48 (3178). Нәсәи, «Жанаиз», 95 (4/85–86).