Хадис

Кутуб ситтә, № 5544

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
884. Пайғамбарлық мөрі және өзге ерекшеліктері
Нөмірі
№ 5544 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5544
Кутуб ситтә, № 5544 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مَا رَأَيْتُ أَحْسَنَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَأَنَّ الشَّمْسَ تَجْرِي فِي وَجْهِهِ، وَمَا رَأَيْتُ أَحَدًا أَسْرَعَ فِي مِشْيَتِهِ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. لَكَأَنَّمَا الْأَرْضُ تُطْوَى لَهُ. كُنَّا إِذَا مَشَيْنَا مَعَهُ نُجْهِدُ أَنْفُسَنَا، وَإِنَّهُ لَغَيْرُ مُكْتَرِثٍ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.) көрікті адам көрмедім. Жүзіне күннің нұры құйылғандай еді. Одан жылдам жүретін адамды да көрмедім. Алдындағы жер өздігінен бүктеліп жатқандай еді. Қатар жүру үшін біз бар күшімізді салатынбыз, ал ол еш қиналмайтын».1

  1. 1Тирмизи, «Мәнәқиб», 12 (3648).