Хадис

Кутуб ситтә, № 5562

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
885. Пайғамбарлық белгілері
Нөмірі
№ 5562 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
5562
Кутуб ситтә, № 5562 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ الْجِنُّ يَصْعَدُونَ إِلَى السَّمَاءِ يَسْتَمِعُونَ الْوَحْيَ، فَإِذَا سَمِعُوا كَلِمَةً زَادُوا عَلَيْهَا تِسْعًا وَتِسْعِينَ. فَأَمَّا الْكَلِمَةُ فَتَكُونُ حَقًّا، وَمَا زَادُوهُ يَكُونُ بَاطِلًا. فَلَمَّا بُعِثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مُنِعَتِ الْجِنُّ مَقَاعِدَهَا مِنَ السَّمَاءِ بِالشُّهُبِ، وَلَمْ تَكُنِ النُّجُومُ يُرْمَى بِهَا قَبْلَ ذَلِكَ. فَقَالَ لَهُمْ إِبْلِيسُ: مَا هَذَا إِلَّا لِأَمْرٍ حَدَثَ. فَبَعَثَ جُنُودَهُ فَوَجَدُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَائِمًا يُصَلِّي بَيْنَ جَبَلَيْنِ بِمَكَّةَ، فَأَتَوْهُ فَأَخْبَرُوهُ. فَقَالَ: هَذَا الْحَدَثُ الَّذِي حَدَثَ فِي الْأَرْضِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Жындар аспанға көтеріліп, уахиды тыңдайтын. Бір сөз естісе, оған тоқсан тоғыз сөз қосатын. Естіген бір сөзі рас, өздері қосқан сөздері өтірік еді. Алла елшісі (с.а.с.) пайғамбар болып жіберілгенде, атылған жұлдыздар жындарды аспандағы тыңдайтын орындарына жолатпады. Бұрын оларға жұлдыз атылмайтын. Ібіліс: “Мұның себебі – бір оқиғаның болғаны”, – деп, жасағын жіберді. Олар Алла елшісінің Меккеде екі таудың арасында намаз оқып тұрғанын көрді. Қайтып барып, көргендерін Ібіліске айтты. Ол: “Жер бетінде болған оқиға осы екен”, – деді».1

Түсіндірме

Жындарға қатысты түсіндірме №5609 хадисте беріледі.

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Жын» (3321).