Хадис

Кутуб ситтә, № 5569

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
887. Исра
Нөмірі
№ 5569 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5569
Кутуб ситтә, № 5569 · тараудағы реті: 2

وَفِي رِوَايَةٍ لِلنَّسَائِيِّ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمَّا رُدَّ بِخَمْسِ صَلَوَاتٍ قَالَ لَهُ مُوسَى: فَارْجِعْ إِلَى رَبِّكَ فَاسْأَلْهُ التَّخْفِيفَ، فَإِنَّهُ فَرَضَ عَلَى بَنِي إِسْرَائِيلَ صَلَاتَيْنِ فَمَا قَامُوا بِهِمَا، فَرَجَعْتُ إِلَى رَبِّي عَزَّ وَجَلَّ فَسَأَلْتُهُ التَّخْفِيفَ، فَقَالَ: إِنِّي يَوْمَ خَلَقْتُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فَرَضْتُ عَلَيْكَ وَعَلَى أُمَّتِكَ خَمْسِينَ صَلَاةً، فَخَمْسٌ بِخَمْسِينَ، فَقُمْ بِهَا أَنْتَ وَأُمَّتُكَ. فَعَلِمْتُ أَنَّهَا مِنَ اللَّهِ تَبَارَكَ وَتَعَالَى صِرَّى، فَرَجَعْتُ إِلَى مُوسَى، فَقَالَ: ارْجِعْ، فَلَمْ أَرْجِعْ.

Қазақша аудармасы

Нәсәидің бір риуаятында былай делінген: «Расулалла (с.а.с.) бес уақыт намаз бұйырылып қайтқанда, әзірет Мұса (а.с.) оған “Раббыңа қайтып бар да, жеңілдік сұра. Ол Исраил ұрпақтарына екі намазды парыз еткен еді. Олар сол екеуін де атқармады!” деді. Сонда ұлы да мәртебелі Раббыма қайта барып, жеңілдік сұрадым. Ол “Көктер мен жерді жаратқан күні саған және үмбетіңе елу уақыт намазды парыз еттім. Ендігі бес намаз елуге тең. Сол бес намазды сен де, үмбетің де оқыңдар!” деді. Бұл – ұлы әрі мәртебелі Алланың кесімді үкімі екенін ұқтым. Мұсаға қайтып келдім. Ол тағы да “Қайтып бар!” деді. Мен бұл жолы қайтып бармадым».1

  1. 1Нәсәи, Салат, 1 (450; 1/223–224).