Хадис

Кутуб ситтә, № 5591

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
890. Ас пен судың берекеленіп көбеюі
Нөмірі
№ 5591 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
5591
Кутуб ситтә, № 5591 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَحَانَتْ صَلَاةُ الْعَصْرِ، فَالْتَمَسَ النَّاسُ الْوُضُوءَ فَلَمْ يَجِدُوهُ. فَأُتِيَ ﷺ بِوُضُوءٍ، فَوَضَعَ يَدَهُ فِيهِ، وَأَمَرَ النَّاسَ أَنْ يَتَوَضَّئُوا مِنْهُ. قَالَ: فَرَأَيْتُ الْمَاءَ يَنْبَعُ مِنْ تَحْتِ أَصَابِعِهِ فَتَوَضَّأَ الْنَّاسُ عَنْ آخِرِهِمْ. أَخْرَجَهُ السِّتَةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әнәс (р.а.) былай баяндаған: «Екінті намазының уақыты кіргенде, Расулалланы (с.а.с.) көрдім. Жұрт дәретке су іздеп, таба алмады. Расулаллаға дәрет алатын су әкелінді. Ол қолын суға салып, жұртқа сол сумен дәрет алуды бұйырды. Судың саусақтарының астынан атқылап шыққанын көрдім. Сол жердегілердің бәрі түгел дәрет алды».1

  1. 1Бұхари, Уду, 32 (169), Манақиб, 25; Мүслим, Фадаил, 5 (2279); «Муатта», Таһарат, 32 (1/32); Нәсәи, Таһарат, 61 (1/60); Тирмизи, Манақиб, 12 (3631).