Хадис

Кутуб ситтә, № 5597

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
890. Ас пен судың берекеленіп көбеюі
Нөмірі
№ 5597 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
5597
Кутуб ситтә, № 5597 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا بِتَمَرَاتٍ. فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، ادْعُ فِيهِنَّ بِالْبَرَكَةِ، فَضَمَّهُنَّ، ثُمَّ دَعَا لِي فِيهِنَّ بِالْبَرَكَةِ ثُمَّ قَالَ: خُذْهُنَّ فَاجْعَلْهُنَّ فِي مِزْوَدِكَ هَذَا، وَكُلَّمَا أَرَدْتَ أَنْ تَأْخُذَ مِنْهُ شَيْئًا أَدْخِلْ يَدَكَ فِيهِ وَخُذْهُ وَلَا تَنْثُرْهُ نَثْرًا. فَفَعَلْتُ، فَلَقَدْ حَمَلْتُ مِنْهُ كَذَا وَكَذَا وَسْقًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَكُنَّا نَأْكُلُ مِنْهُ وَنُطْعِمُ، وَكَانَ لَا يُفَارِقُ حِقْوِي حَتَّى كَانَ يَوْمَ قُتِلَ عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ انْقَطَعَ؛ زَادَ رَزِينٌ: فَسَقَطَ فَحَزِنْتُ عَلَيْهِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) былай баяндаған: «Бір күні Расулаллаға (с.а.с.) бірнеше құрма апарып, “Уа, Расулалла, бұларға берекет тілеп дұға етіңізші!” – дедім. Ол құрмаларды біріктіріп, маған солардың берекетін тіледі. Содан соң “Құрмаларды алып, мына азық дорбаңа сал. Қалаған кезіңде қолыңды сұғып ал, дорбаны ақтарып төкпе!” деді. Айтқанын орындадым. Дорбадағы құрманың пәлен уасғын Алла жолында бердім. Өзіміз де жедік, өзгелерге де бердік. Дорба белімнен ажырамады. Әзірет Осман өлтірілген күні ғана ол үзілді». Рәзиннің қосымшасында «Дорба түсіп кетті, соған қайғырдым»1 делінеді.

Түсіндірме

Жоғарыдағы хадистерде Расулалланың (с.а.с.) шарапатымен ас пен судың берекеленгені баяндалады. Осы тақырыпта бұлардан өзге де көп риуаят бар. Әрқайсысы жеке алғанда мутауатир дәрежесіне жетпесе де, бәрі қосылып сол дәрежеге жетеді. Осылайша Алла елшісінің шарапатымен ас пен судың берекеленгені мағынасы жағынан мутауатир саналады. Мұны «мағынауи мутауатир» дейді.

  1. 1Тирмизи, Манақиб (3839).